ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ

ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ
ашық дереккөз
ОРАЛ МЕН АҚТӨБЕ, ӨСКЕН ӨҢІР, МӘРТЕБЕ

 НАЗАРБАЕВ ОРАЛДА ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТОПТЫҚ СЕЛФИГЕ ТҮСТІ

Екінші сәуір күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Орал қаласына барды. Сапар аясында Елбасы «Жастар қуатты Қазақстан үшін» республикалық форумына қатысты.

Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардың 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ, Атырау және М а ң ғ ы с т ау о бл ы с т а р ы н ы ң жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы қ а т ы с у ш ы л а р д ы ф о р у м ж ұ м ы с ы н ы ң б а с т а л у ы м е н құттықтап, жастардың негізгі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып жүргеніне тоқталды.

– Қазақстан қатаң климат жағдайында жерімізді орманға айналдыру үшін күш салуда. « Жа с ы л Е л » б а ғ д а рл а ма с ы аясында 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызылды. 2 0 0 м ы ң д ы қ « Ж а с ы л Е л » командасының бұл еңбегі ерлікке пара-пар. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 30 мың жас ауылға аттанды. Бұл жастардың елді және оның шалғай мекендерін дамытуға қатысуының көрсеткіші болып саналады. Қазақстан ж а с т а р ғ а т ү р л і с а л а л а р д а қамқорлық көрсетеді, соның ішінде оларды шетелдерде оқытады. Ре спубликада білімді еңбек тәжірибесімен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесін енгізу шаралары қабылдануда. Бүгінде белсенді әрі мақсатшыл жастар үшін елімізде барлық мүмкіндіктер бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті форумға ниеті бір, тілегі ортақ мыңдаған қазақст андық жас қатысып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты экономикалық өсімін, әлеуметтік мәселелердің шешіліп жатқанын, отбасылардың әл-ауқаты артқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі бағыттарына және өңірдегі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Қазақстан Президенті форумға көптеген белгілі спортшылар қатысып отырғанына назар аударды.

– Біздің Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен, Александр Винокуров және оларға қоса Лондон Олимпиадасында көпті тәнті еткен өзге де олимпиадашыларымыздың есімдері бүкіл әлемге танымал. Олар жаңа буын үшін лайықты үлгі болып саналады. Бүгінде спорт саласында 1500 спорт нысаны – стадиондар, бассейндер, хоккей және теннис корттары жұмыс істейді. Бүгінгі біздің форумның Қазақстан теннис федерациясының көмегімен салынған осы заманауи Теннис орталығында өтіп отыруы да бекер емес. Мұнда болашақ чемпиондар тәрбиеленеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ф о р у м б а р ы с ы н д а «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі, Қазақстан-Финляндия бизнес- хабының жетекшісі М.Манкеев, М . Ө т е м і с о в а т ы н д а ғ ы Батыс Қазақстан мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң с т уд е н т і президенттік стипендия иегері Г.Қойланова, олимпиада чемпионы И.Ильин, Атырау және Маңғыстау облыстары жастарының өкілдері сөз сөйлеп, жастарға және олардың бастамаларына ұдайы қолдау көрсететін Мемлекет басшысына алғыстарын айтты, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға әзір екендіктеріне сендірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресми іс- шаралар сарайында да болды. Елбасы мұнда Батыс Қазақстан о б л ы с ы н д а ғ ы э т н о м ә д е н и бірле стіктер, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әңгімелесті.

Б а р л ы қ э т н о с т а р д ы ң атынан сөйлеушілер Мемлекет басшысына татулық пен келісімге, кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясат үшін алғыс айтты.

О р а л д а ғ ы ж а с т а р д ы ң республикалық форумы аяқталған с о ң , П р е з и д е н т Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев жастармен селфи жасады.

Назарбаевқа селфи жасау туралы ұсыныс білдірген Илья Ильин.

« Н ұ р с ұ л т а н Ә б і ш ұ л ы , есіңізде ме, мен сізге селфи деп аталатын фото жасау туралы өтініш білдіргенмін. Енді барлық жастармен селфи жасау туралы тағы да өтініш айтқым келіп тұр», – деді Олимпиада чемпионы Илья Ильин.

Президент бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ. Ол «Қане, селфи жасайық» дегенде жастар ерекше қуанды.Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасаған жастардың ішінде Илья Ильин, Денис Тен, Серік Сәпиев, Нұрлан Қоянбаев, Сабина Алтынбекова және басқалары бар. Еске сала кетейік, Илья бұдан бұрын да елбасымен селфи жасаған болатын.

Елбасы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ында болды. Ондағы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттың дайын өнімдерін көрді.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в сондай-ақ еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынның қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар.

З а у ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы индустриялық саясаттың іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты.

Сапар барысында Мемлекет басшысы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ына барды.

З ау ы т қ а ке л г е н Е л б а с ы катерлер мен кемелердің макеттері қ о й ы л ғ а н к ө р м е н і а р а л а п көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымының м ү ш е л е р і м е н ә ң г і м е л е с т і . Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаңа сала екенін, оның шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.

Ә ң г і м е б а р ы с ы н д а з ау ы т ж ұ м ы с ш ы л а р ы е л д е ж ү з е г е а с ы р ы л ы п ж ат қ а н бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады.

АҚТӨБЕНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЕЛІМІЗДІҢ ІЛГЕРІЛЕУІНЕ САЙ

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласына келді.

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасын аралап көрді.Нысанда Елбасына өңірдегі денсаулық с а қ т ау с а л а с ы н ы ң д а м у ы туралы баяндалды.Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аурухананың жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і бұл аурухана жаңа ғимаратта о р н а л а с қ а н ы н , з а м а н а у и құралдармен жабдықталғанын атап өтті.

– Көп нәрсе енді сіздерге б а й л а н ы с т ы . Е г е р ө з ж ұ м ы с т а р ы ң ы з д ы с а п а л ы атқарып, қолда бар жабдықтардың мүмкіндігін толық пайдаланатын болсаңыздар, халық денсаулығын жақсартуға зор үлес қосасыздар. Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр, Қазақстан жан басына шаққанда бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі жөнінен дамыған елдер деңгейіне таяп келеді. Республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Халық отандық медицинаға сенім арта бастады, ал көрші елдердің азаматтары емделу үшін бізге келетін болды, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев медицина қызметкерлеріне табыс және бақ-береке тіледі.

Ау ру ха н а қ ы зм е т ке рл е р і Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і н е республикада денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

Елбасы Ақтөбе рельсті арқалық зауытында болды.

Қазақстан Президенті зауыттың жұмысымен танысты, сондай- ақ еңбек ұжымы мүшелерімен әңгімелесті.Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының даму қарқыны жалпы еліміздің жүйелі ілгерілеуіне сай екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы ірі әрі бірегей кәсіпорын облыс экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

– З ау ы т и н д у с т р и я л ы қ - и н н о в а ц и я л ы қ д а м у б а ғ д а р л а м а с ы н ы ң о з ы қ жобаларының бірі саналады. Ол «Сименс» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрылыс кезінде 1000 адам жұмыс істеді, енді 760 адам жұмысқа орналасады. Әр адамға шаққандағы өнімділік 80 мың долларды құрайды. Бұл – біздің еліміз үшін жоғары өнімділік. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда бұрын болмаған, оның шығаратын өнімі де жаңа. Бұрын біз рельсті сырттан сатып алатынбыз, енді ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, экспортқа да шығара аламыз. Сонымен қатар, мұнда құрылысқа қажетті нәрселердің бәрі өндірілетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт құрылысына атсалысқан барлық мамандарға алғыс айтып, жұмыстың тезірек басталуын және бұдан әрі де табысты болуын тіледі.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в «Ақтөбе-орталық» ЖШС-ның көлік-логистика орталығында да болды. Мұнда Мемлекет басшысына орталықтың жұмысы т а н ы с т ы р ы л д ы ж ә н е о н д а сақталатын өнім түрлері көрсетілді.

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы «CityShoppingCenter» сауда кешенінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев сауда кешенінің жаңа ғимаратын аралап көрді және өңір кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

Елбасы әңгіме барысында шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық әл-ауқатының өзегі екеніне тоқталды, сондай- ақ жиналғандарға ойға алған жоспарларын жүзеге асыруда табыс тіледі.

Аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын сауда кешенінде 100 орынға арналған зал және 200 орынға арналған мейрамхана бар.

Ұқсас жаңалықтар