Н. Назарбаев И. Кәрімовті Өзбекстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2015
- 857
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды. Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген. Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




