Ақтөбеде 7 жасар мүгедек қыздың қайсарлығы дені сау жандарды таңқалдырды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тамина Әлиманова
Туғанынан арбаға таңылған Тамина қайырымдылық концертін өткізіп, түскен қаржыны өзі секілді дертке шалдыққан бес жасар бүлдіршінге табыстады. Омыртқасы туабітті ауруға шалдыққан Таминаның қайсарлығы он екі мүшесі түгел көрерменді тәнтті етті.
Анасы сәби кезінен арбаға таңылған қызының, қиналса да, бала болып ешқашан мұңайғанын көрсетпегенін айтады. Ән шырқағанда ауруынан жазылып, қанат біткендей болады екен.
Ал сәл қозғалса сүйегі сына беретін Алексейдің жағдайын естігенде Тамина оған көмектескісі келіпті. Жақындарының көмегімен қайырымдылық концертін өткізіп, түскен ақшаны мүгедек баланың анасының қолына табыстады.
Жеті жасар әншінің алда тағы осындай бірнеше концерт беру ойында бар.
"Аяп кеттім. Сосын мен ойладым оған көмектесу керек шығар деп. Содан осында келіп көмектесуге келдім. Концерттен жинаған ақшамды әрбір балаға беремін", - дейді жас әнші Тамина Әлиманова.
ақпарат көзі nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




