Астана саяхаттауға қолайлы елдер рейтингісінде сегізінші орынға тұрақтады

Астана саяхаттауға қолайлы елдер рейтингісінде сегізінші орынға тұрақтады
ашық дереккөз
Астана саяхаттауға қолайлы елдер рейтингісінде сегізінші орынға тұрақтады
Жиһангездерге арналған Travel.ru порталы Ресеймен көршілес елдердің астаналарын тізіп, мамырдың мерекелі алғашқы күнінде қыдыруға қолайлы қалалардың рейтингісін жасады деп хабарлайды 7kun.kz. Алғашқы орында - Литва астанасы Вильнюс. Ол жерде демалу бюджеті бір тәулікке 42 еуро. Екінші орында - Грузия елордасы Тбилиси. Бюджетінің көлемі - 43 еуро. Ал үздік үштікті қортындылаған Моңғолия астанасы Улан-Батор болып отыр. Ол жерде тәулігіне 44 еуромен демалуға мүмкіндік бар. Рейтингтің келесі орны Лативия астанасы Ригаға тиесілі, бюджеті - 46 еуро. Бесінші орында - Абхазияның бас қаласы Сухуми. Жол-жүріс құны бір күнге 48 еуро. Польшаның астанасы Варшава алтыншы орынға табан тіреді. Бюджеті - 49 еуро. Сондай-ақ, Белоруссияның елордасы Минск жетінші орында (50 еуро). Қазақстанның бас қаласы Астана рейтингте сегізінші орынға жайғасқан. Бюджет көлемі - 64 еуро. Бұрындары Астана арқылы керуен жолдары өтіп, қола дәуіріндегі адамдар қоныстанған деседі. Ал бүгінде ол жерде жас әрі заманауи қала орналасқан. Астанаға барар болсаңыз аралайтын жер көп деп жазады рейтингті құрастырушылар. Қытай астанасы Пекин тоғызыншы орында. Бару үшін тәулігіне 67 еуро керек. Эстония астанасы Таллинге барарда бір күнге 68 еуро деп есептеген жөн. Ол тізімде оныншы орынға табан тіреген. Көштің келесі тізімінде Әзірбайжан елордасы Баку (80 еуро) орналасқан. Он екінші орында Финляндия астанасы Хельсинки, бір күндік бюджет -100 еуро. Рейтинг көрсеткіші бойынша, ең қымбат қала Норвегия астанасы Осло болды. Оның бір күндік бюджеті 128 еуроны құрайды. Ресеймен шектесетін Солтүстік Корея, Оңтүстік Осетия мен Украина сынды елдер бұл рейтингке қатыстырылмады. Себебі қазіргі таңда ресейліктердің аталған елдерге баруға деген құлшыныстары төмендеген.

ақпарат көзі tenrinews.kz

 

Ұқсас жаңалықтар