Полицияның рұқсатынсыз көліктен шығуға рұқсат етілді
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жол жүрісі туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы жобаны қолға алды.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған осы құжатқа өзгеріс енгізуді мәжіліс депутаттары қолға алып отыр. «2014 жылы күшіне енген «Жол жүрісі туралы» Заңда полиция қызметкерінің рұқсатынсыз жолаушыларға көлік құралынан шығуға тыйым салынған норма бар. Бұл норма қоғамда үлкен сынға ұшырап, нәтижесінде осы заң жобасын әзірлеуге түрткі болып отыр. Осыған байланысты жоғарыдағы норманы алып тастау ұсынылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова. Еске сала кетейік, аталған заң 2014 жылы қабылданып, күшіне енген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




