Бахыт САПАРБАЕВА, Жамбыл облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы.
Әлемдік экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер біздің елімізге де жайсыз әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жағдай елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізудің өте-мөте қажеттігін туындатты. Бұл біздің тарапымыздан жан-жақты қолдауға да ие болып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында әр кездегідей елдегі тату келісім мен бірлікті негізгі басымдық ретінде атап көрсетті. Өйткені тұрақтылық пен бейбітшілік және ынтымақ-бірлік бар елде ғана экономика дамуда, жолдар, инфрақұрылымдық нысандар салынуда. 2007-2009 жылдары экономикалық дағдарыстың алғашқы толқыны өткен кезеңде қазақстандықтар қандай да бір айрықша ауыртпалықты сезіне де қойған жоқ. Елімізде айлық жалақы өсуі жалғаса берді. Жаңа жұмыс орындары ашылды, зейнетақы мен жәрдемақы көбейтілді, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, басқа да әлеуметтік нысандар құрылысы әрі қарай жалғасты. Бүгінде мемлекетіміз қолда бар қаражатын негізінен мекемелердің жұмыс қабілеттілігін қолдауға, жұмыс орындарын сақтау мен көбейтуге, ел экономикасы құлдырауына жол бермеуге жұмсауда. Біз осынау жолда толағай табыстарға жетуіміз Ұлт көшбасшысы мен оның «Нұрлы жол» іс-қимыл бағдарламасы төңірегіне баршамыз болып тығыз топтасқан жағдайда ғана мүмкін болмақ. Еліміздің, оның ішінде облысымыздың кәсіптік одақтары қаржылық-экономикалық дағдарыстың екінші, мейлінше тегеурінді толқыны кезеңінде алға қойылған идеялар мен міндеттер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің басшылығымен өмірге кіріктірілуге тиіс. Біздің Ұлт көшбасшымыз, әлемге танымал тұлғалардың бірі – Президентіміз бар. Біз мынадай күрделі кезеңде ел тағдырын жоғары абырой-беделге ие адамға сеніп тапсыруға тиіспіз. Көп ұлтты республикамыздың барша азаматтары бұл пікірімізді бірауыздан қолдайды деп сенгіміз келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді