Семинардың негізгі мақсаты – кәсіподақ көшбасшыларының кәсіби және тұлғалық құзыреттерін арттыру, стресс жағдайында тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ уақытты басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеру.
– Бүгінгі аудиторияның өзіндік ерекшелігі бар. Бұл семинарға Қызылорда мен Түркістан облыстарынан тәжірибе алмасу мақсатында келген қонақтарымыз да қатысуда. Қарап отырсақ, бүгінгі аудиторияға жиналған қатысушылардың деңгейі де, білім-білігі де жоғары. Өз басым бүгінгі семинар өте қызықты, тартымды да әсерлі болады деген ойдамын, – деді жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.
Мұнан соң PhD докторы, адами ресурстарды басқару жөніндегі сарапшы Гүлзи Нәби тренингті бастап кетті. Әр топ өзіне берілген тапсырманы шебер орындап, ойын көркін ә дегеннен қыздырып сала берді. Бір топ ән орындап, би билесе, екінші топ көрініс көрсетті. Келесі топтар өзінің әсерлі, таңғажайып қойылымымен аудитория атмосферасын көтеріп тастады. Осылайша Гүлзи Әскенқызы қатысушылармен тәжірибелік бағытта жұмыс жүргізді. Ол жүргізген тимбилдинг залдағылардың сан қырын аша түсті. Сондай-ақ семинар барысында стресс пен кәсіби күйіп кетудің себептері, белгілері және оның алдын алу жолдары кеңінен талқыланып, қатысушылар брейнсторминг, топтық және жеке жұмыстар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар уақытты тиімді басқару, прокрастинацияны жеңу және ЖИ технологияларын қолдану бағытында семинар қатысушылары практикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Бұдан бөлек қатысушылар үшін диалог алаңы ұйымдастырылып, еркін пікір алмасу форматында өзекті мәселелер бірлесе талқыланды. Аталған семинар-тренинг кәсіподақ көшбасшыларының кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуына және тиімді басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды. Тренинг соңында семинар қатысушылары бір-біріне сипаттама беріп, жүрек жарды лебіздерін айтып, арнайы сертификаттарды ерекше жағдайда тапсырды.
– Мұндай семинар-тренингтер кәсіподақ қызметкерлерінің тек құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына да оң ықпал етеді. Қатысушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, тиімді коммуникация орнату және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеуде және жұмысты жүйелі әрі тиімді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады, – деді Ерұлан Сәбенұлы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- Бүгін, 16:16
11 мың балаға 343 арнайы педагог...
- 5 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




