ТРАМПТЫҢ ҚОҚАН-ЛОҚҚЫҒА ТОЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ормуз бұғазы ашылмаса, Ирандағы электр стансалары мен көпірлерді қирататыны туралы айтып, балағат сөздер қосып жазба жариялаған болатын. «Иран Ислам республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз түрде ашуға келіскен жағдайда, мен Иранды бомбалау мен оған шабуыл жасауды екі апта мерзімге тоқтатуға келісемін», – деп мәлімдеген ол келісімге келу үшін сейсенбі күні АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін мерзім белгілеп, егер мәмілеге қол жеткізілмесе, «бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады» деп қоқан-лоққы жасаған болатын. Сонымен қатар жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп белгіленген мерзім аяқталғанға дейін, Иранмен келісімге келуге «жақсы мүмкіндіктер бар» екенін айтты. «Менің ойымша, ертең келісімге келуге өте жақсы мүмкіндік болып тұр. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Егер олар келісімге келмесе мен бәрін жарып жіберіп, мұнайды бақылауға алу мүмкіндігін қарастырамын», – деді Трамп. Еске салсақ, 22 наурызға қараған түні Трамп Тегеранға бұған дейін де 48 сағаттық ультиматум қойған болатын. Сол кезде ол Ормуз бұғазындағы блокаданы алып тастауды талап етіп, бұл орындалмаса, АҚШ әскері Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын ескерткен. Кейін Ақ үй басшысы Иранмен келіссөздерге сілтеме жасап, ультиматум мерзімін бірнеше рет кейінге шегерген еді.
ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАУ ЕКІ АПТАҒА ТОҚТАДЫ АҚШ
президенті Дональд Трамп Пәкістан премьерминистрі Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеді. «Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф және фельдмаршал Асим Мунирмен өткен келіссөздер негізінде, олардың бүгін түнде Иранға қарсы бағытталған жойқын күш қолданудан бас тартуымды сұрауына байланысты, сондай-ақ Иран Ислам республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз ашуға келіскен жағдайда, мен Иранды бомбалау мен шабуылдауды екі аптаға тоқтата тұруға келісемін», – деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, бұл екіжақты оқ атуды тоқтату режимі болмақ. Осылайша кеше Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды. АҚШ президенті Иранға соққыларды уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдегеннен кейін, ресми Тегеран екі апталық бітім шарттарын қабылдады. Иран сыртқы істер министрі алдағы екі апта ішінде бұғаз арқылы кемелердің қауіпсіз өтуі елдің қарулы күштерімен үйлестіріле отырып қамтамасыз етілетінін хабарлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келіссөздердің алғашқы кезеңі жұма күні Исламабадта өтеді. Сарапшылар бұл қадам аймақтағы әскери шиеленісті бәсеңдетуге және әлемдік энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты азайтуға ықпал етуі мүмкін екенін айтады. Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызға ие. Әлемдегі мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі осы бағыт арқылы өтетіндіктен, оның қайта ашылуы халықаралық нарыққа тікелей әсер етеді.
МҰНАЙ БАҒАСЫ КҮРТ ТӨМЕНДЕДІ
Президент Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасында егер кемелер стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы арқылы еркін қозғала алатын болса, екі апталық бітім жасалатынын жариялағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді. Алайда баға 28 ақпанда қақтығыс басталғанға дейінгі деңгейден әлі де жоғары болып отыр. Энергия тасымалдаушылардың құны Таяу Шығыстан мұнай мен газ жеткізіліміне айтарлықтай кедергі келуіне байланысты күрт өскені белгілі. Бұған Иранның АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына жауап ретінде Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған кемелерге шабуыл жасайтыны жөніндегі қоқанлоққысы себеп болған еді.
ҚАЗАҚСТАН ТАЯУ ШЫҒЫСТЫҢ БІТІМГЕ КЕЛУ КЕЛІСІМІН ҚҰПТАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті. – Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондайақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді, – делінген хабарламада.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- Бүгін, 17:00
11 мың балаға 343 арнайы педагог...
- 5 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




