Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподақ үйі» ғимаратының мәжіліс залында үш өңір делегациясы бас қосты. Келелі жиынды жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, өңіраралық әріптестік байланыстың негізгі мақсатымен таныстырды.
– Білім қызметкерлері кәсіподағының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысының жауапкершілігі жоғары. Өкінішке қарай, әлі күнге кәсіподақ ұйымының жұмысын шипажайларға жолдама таратумен, түрлі мерекелік ісшараларды ұйымдастырумен айналысатын ұйым деп танитын азаматтар көп. Шындығында олай емес, оны сіздер де, біз де жақсы білеміз. Ал бүгінгі басқосуымыздың мақсаты – бірбірімізбен жұмыс барысында тәжірибе алмасу. Түйіні тарқатылмаған мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын іздестіру. Кездесу барысында тәжірибе алмаса отырып, алдағы жұмыс жоспарымызды жаңа бағытта құру, – деді Ерұлан Сәбенұлы.
Білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Гүлнәр Есқалиева өз сөзінде Жамбыл облыстық жергілікті кәсіподағымен арадағы әріптестік байланыс он жылдан бері жалғасып келе жатқанын ерекше атап өтті.
«Жұмыс барысында байқағаным, әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігі болады. Біз барған жерімізде сол өңірдің бір идеясын алып қайтуға тырысамыз. Енді биыл қатарымызға Түркістан облысы қосылып отыр. Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ. Өз басым бүгінгі басқосуымызды әріптестік ісшара, әріптестік бағыттағы құжатқа қол қою рәсімі деп білемін», – деді ол.
Ал қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстықұйымының төрағасы Жандос Шайдулла тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырған аймақаралық семинарға арнайы топ болып келіп отырғанын жеткізді.
«Жамбыл өңірінде ұйымдастырылған мазмұны жоғары әріптестік семинардан маңызды ақпарат таралып, жұмысымызды жаңа бағытта құрсақ деген ниетіміз бар. Біздің осы семинардан үйренеріміз көп болады деген ойдамын. Ал бүгінгі қол қоятын меморандум әріптестік байланысымызды бұрынғыдан да арттыра түседі деген сенімдемін», – деді Жандос Шайдулла.
Осыдан кейін білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, өңіраралық деңгейде өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстық ұйымдның төрағалары меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсат – кәсіподақтық мүшелік пен қызметке алынған білім беру ұйымдарындағы сала қызметкерлерінің әлеуметтікэкономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіби білім-білігі мен мәртебесін арттыру, еңбек ұжымдарынды оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, демалдыру мен сауықтыру, бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде өзара тәжірибе алмасу, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- Бүгін, 16:16
11 мың балаға 343 арнайы педагог...
- 5 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




