Жаһан
Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізуді Парламент палаталары спикерлерімен бірге талқылады
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2015
- 607
Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізуді Парламент палаталары спикерлерімен бірге талқылады
Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен бірге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкіндігін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы қаралды.
Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды. «Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі негізгі салаларды дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік ұзақмерзімді бағдарламалардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. «Менің ойымша, қазақстандықтар аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне жұмылу үшін сайлау өткізу қажет деп санайды. Сондай-ақ тұрғындар әлемде болып жатқан оқиғаларға және ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға байланысты алаңдайды. Бұдан арғы жұмыс үшін халықтың қолдауы қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелеріне сай келетін Президент сайлауын өткізуді қолдады. Ол қазіргі уақытта әлемде қалыптасқан тұрақсыздық жағдайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет екенін атап өтті.
Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоғамының түрлі топтары елдің жетістіктері мен әлемдегі ахуалды ескере келіп, сайлау өткізуді қолдап отырғанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




