Жаһан
Елбасы Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2015
- 807
Елбасы Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске Президент сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты сауал жолданғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары төрағаларымен, сондай-ақ Премьер-Министрмен консультациялар өткізгенін айтты. Қазақстан Президенті сайлау өткізу Конституция талаптарына дәлме-дәл сай болуы тиістігін атап өтті. И.Рогов Негізгі заңның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс Президенттік сайлауды белгілеу тек Қазақстан Президентінің құзыретіне жататынына тоқталды. Аталған конституциялық құзырет ешқандай шартқа және шектеуге байлаулы емес, Мемлекет басшысы оны дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес төрағасы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қандайда бір конституциялық құқықтық кедергінің жоқ екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




