Елбасына сенім артамыз
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің ұсынысымен мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасы қызу талқылауға түсіп жатыр. Бұл жерде бір ғана ақиқат – талай тоқыраудан елді аман-есен алып шыққан және жоғары өрлеуге жетелеп келе жатқан Елбасының кандидатурасын қолдамайтын қазақстандық жоқ.
Шекара шебін бекітіп, талай ұлттың өкілін ұйытып отырған біздің елдің бүгінгі ұстанған саясаты, сол саясатты жүргізіп отырған Н. Ә. Назарбаевтың көрегендігі қашанда халықтың тек оң бағасын алып келеді. Сондықтан, халықтың қай тобы болса да, қай саланың мамандары да Елбасына сенім артады. Әлбетте, сенім артып қана қоймай, оның тың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етеді.
Мысалы, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы – Жуалы аудандық бөлімшесінің ел үшін жасап отырған еңбегі орасан. Өйткені, бүгінде аталған қызмет арқылы халық зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақысын алып отыр. Ауданда үш бағытта арнайы тасымал ұйымдастырылған. Сонымен қатар, «Халықтық ІРО» жобасының жүзеге асырылуы да тікелей пошта қызметіне жүктеліп отыр.
Әлбетте, пошта қызметіндегі үлкен жұмыс – мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру және жеткізу. Ендеше, елдегі жаңалықтар мен жаңашылдықтардың жаршысы болып табылатын газет-журналдарды оқырмандарына дер кезінде жеткізу арқылы да мемлекеттік іске мол үлес қосып жатырмыз. Жуық арада ауданға қарасты Шақпақата ауылдық пошта байланыс бөлімшесінде ақысыз интернет негізінде «Скайп» байланысы арқылы ауыл тұрғындарының қажетті азаматтармен байланысуларына мүмкіндік туды. Ауыл тұрғындарына жасаған мұндай жақсылықты бағалаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Үсіпбеков арнайы Алғыс хатын жолдады. Мұндай жетістіктер баршылық, әрине.
Біздің барлық жұмысымыздың жүйелі, жемісті болуының бастамасы ретінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың тиісті жоспар құра алатын және барлық салада қажетті реформалар жүргізе білетіндігін айтуға болады. Сондықтан, барлық береке мен бірліктің бастамасы болған Елбасын әрқашан қолдаймыз!
Нұрзия АЛТЫБАЕВА, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы – аудандық байланыс торабының басшысы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді