Халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту аса маңызды
Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық
миссиялар басшыларымен кездесті. Мемлекет
басшысы өз сөзінде Қазақстан өркениетаралық және
дінаралық диалогқа үлес қосып отырғанына тоқталды.
– Біз бастамашылық еткен Әлемдік және
дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі халықаралық
тұрғыдан мойындалған сұхбат алаңына айналды.
Елдеріңіздің делегацияларын биыл маусымда
Астанада өтетін Бесінші Съезге шақырамыз. Биыл
әлемдік қоғамдастық Екінші дүниежүзілік соғыстың
аяқталуының 70 жылдығын, Хельсинки Қорытынды
актісінің 40 жылдығын және жаңа Еуропаға арналған
Париж Хартиясының 25 жылдығын атап өтеді. Осы
мерейтойлық даталар қазіргі заманғы халықаралық
қауіпсіздік саласындағы ахуал жөнінде терең ойлануға
және ашық сөйлесуге себеп болуға тиіс, – деді
Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті
Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыс 5
мыңнан астам адамды қазаға ұшыратқанын еске салды.
Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Минскіде 12 ақпанда
өткен «норманд төрттігі» мемлекеттері басшыларының
күрделі келіссөздерінің нәтижелерін құптайтынын
атап өтті. Мемлекет басшысы әлемде жанжал
ошақтары көбейіп отырған жағдайда халықаралық
қауіпсіздік жүйесін нығайту аса маңызды екеніне
назар аударды.
– Қазіргі жағдайда халықаралық шарттар мен
келісімдер бойынша өз міндеттемелерін ешқандай
мемлекеттің қалыс қалмай сақтауы өте маңызды.
Қазақстан теңдікті, мүдделерді өзара ескеру, негізгі
проблемаларды халықаралық құқыққа және БҰҰ-
ның орталық рөліне сүйене отырып ұжымдық
реттеу қағидаттарын бекітуді жақтайды, – деді
Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті 2010
жылы желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне
қатысушы мемлекеттер біздің еліміздің ортақ
еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік
қоғамдастығын құру туралы идеясын қолдағанына
тоқталды. Елбасы ядролық қатер бүгінгі заманның ең
салмақты проблемаларының бірі болып отырғанына
да назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында біздің еліміз
Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдерінің
қызметін толық қолдайтынын айтып, олардың
мемлекеттерімен арадағы қатынастардың дамуына үміт
артатынын білдірді. Дипломатиялық корпус дуайені,
Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті
елшісі М.Бочарников Қазақстандағы барлық шетелдік
дипломаттар атынан Мемлекет басшысына және бүкіл
Қазақстан халқына табыс пен бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді