Олимпиадаға Елбасы батасымен

Олимпиадаға Елбасы батасымен
ашық дереккөз
Олимпиадаға Елбасы батасымен

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанды әлем таниды. Мемлекетіміздің көк байрағы саяси және спорттық ареналарда биікте желбіреуде. Қазақ елі спортшылары Олимпиадалық ойындар мен Әлем, Азия чемпионаттарында үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл – кемеңгер көшбасшы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған сара саясаттың жемісі. Елдегі орныққан бейбітшілік пен тыныштықтың арқасы. Татулықты ту еткен қазақ елі әлі де талай белестерді бағындырары анық. Өйткені, біз алдымызға биік асу, үлкен мақсат қойып отырмыз. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырып, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуіміз керек. Сөйтіп, Мәңгілік Елдің іргесін мықтай түсуіміз қажет. Мемлекет басшысы әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, даму жоспарын іске асыра беретінімізді айтты. Дүниежүзінде қалыптасқан ахуалға байланысты «Нұрлы жол» бағдарламасын қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту жолдарын көрсетіп беріп отыр. Сондықтан, халық үшін аса қажетті жаңа экономикалық саясаттың басында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрғанын қалаймыз. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Президент сайлауын 2015 жылы өткізу туралы ұсынысын толықтай қолдаймыз. Бұл біздің болашаққа деген сенімімізді арттыра түседі. Елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір жолы да осы. Келер жыл – Олимпиада жылы. Қазақ спортшылары 2012 жылы Лондонда көтерілген биігінен төмендемеуі керек. Сондықтан, саңлақтарға артылар жауапкершілік те жоғары болмақ. Олимпиадаға алаңсыз дайындық керек. Жалпы, бүгінде ел спорты қарқындап даму үстінде. Алматы қаласының 2017 жылы ХХVIII қысқы бүкіләлемдік универсиаданы өткізу мәртебесіне ие болуы – соның көрінісі. Бұған ел атлеттері әлемдік ареналарда зор табыстарға қол жеткізіп, үлкен үлес қосып отыр. Облыс спортшылары елді дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын. Отанымыздың патриоттарын, барлық атлеттерді Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу идеясын қолдауға шақырамыз!

Ақжүрек Таңатаров, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Ғабит Есжанов, Сурдлимпиялық ойындардың жеңімпазы, Марат Мәзімбаев, кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы, Бейбіт Ыстыбаев, қазақ күресінен Әлем чемпионы, Гузалия Гафурова, каратэ-додан Әлем чемпионы, Нышан Өмірәлі, пара-таэквондодан Әлем чемпионы, Зүлфия Габидуллина,жүзуден паралимпиялық спортшылардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Дмитрий Трубин, армрестлингтен Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

Ұқсас жаңалықтар