Әрине, жалақының өсуі – азаматтардың табысын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Алайда мәселе тек жалақы көлемінде емес, сол табыстың нақты сатып алу қабілетінде. Азық-түлік, коммуналдық қызмет, киім-кешек пен күнделікті қажеттіліктердің бағасы өсіп тұрған кезеңде халық үшін әр теңгенің қадірі арта түседі. Сондықтан еңбекақыны арттырумен қатар баға тұрақтылығын сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту де маңызды.
Жолдауда медицина саласына қатысты көтерілген мәселелер де назар аударуға тұрарлық. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мамандардың еңбекақысын қайта қарау – халық денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстың бір бөлігі. Өйткені сапалы медицина ең алдымен білікті маманға, оның еңбек жағдайына және тұрғындарға қолжетімді қызмет көрсетуге байланысты.
Сонымен қатар «Мойынқұм» атом электр стансасына қатысты бастаманың Жамбыл облысы үшін экономикалық маңызы болуы мүмкін. Мұндай ірі жобалар инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. Дегенмен кез келген стратегиялық жобада қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік және жергілікті халықтың мүддесі басты назарда болуы керек.
Түптеп келгенде, Жолдауда айтылған міндеттердің нәтижесі қағаздағы көрсеткіштермен емес, қарапайым халықтың күнделікті өміріндегі өзгерістермен өлшенеді. Еңбекақы өсіп, жұмыс орындары көбейіп, медицина сапасы жақсарып, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі нығайса, бұл – ел дамуының нақты көрінісі.
Мемлекеттің басты байлығы – адам. Сондықтан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әрбір шешім нақты нәтижеге айналып, әр отбасының өмірінен көрініс табуы тиіс.
Сембек СЕЙДАЗИМОВ,
қалалық қоғамдық
кеңестің төрағасы
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық жолындағы тынымсыз тірлік
- 29 қазан, 2026
Әлеуметтік қызметкер – ізгілік пен адамгершілік жаршысы
- 29 қазан, 2026
Ақпарат
Жолдаудағы басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру
- 29 қазан, 2026
Ауылдың тамырына қан жүгіртетін шешім
- 29 қазан, 2026
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
- 29 қазан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




