Осыған орай облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Айта кету керек, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 6,9 пайызға, ал суицид деректері 20 пайызға төмендеген.
Отырыста балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары сараланды.
Атап айтқанда, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау мәселесіне тоқталды. Ал Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төленді жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі бойынша баяндама жасады.
Жиынды жүргізген Айжан Есмағамбетова балалардың қауіпсіздігі мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселесінің аса өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты жекелеген шаралармен шектемей, жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Әсіресе, жауапты органдардың өзара байланысын күшейтіп, профилактикалық жұмыстардың тиімділігіне баса назар аудару маңызды.
Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ көтерілген мәселелер бойынша жауапкершілікті күшейтіп, профилактикалық шаралардың нәтижесіне баса мән беру қажеттігіне назар аударды.
Одан бөлек білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдау, оның ішінде балалардың жеке заттарына рейд жүргізудің заңдылығын қарау міндеттелді.
«FSM Social» цифрлық платформасына мәліметтерді уақтылы енгізу, ведомствоаралық ақпарат алмасуды жетілдіру, полициямен бірлескен рейдтерді сапалы жүргізу және анықталған құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларына талдау жасап, нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Отырыс қорытындысында аудандық комиссиялардың жұмыс тиімділігін бағалау критерийлерін бекіту туралы шешім қабылданды. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне профилактикалық шаралардың нәтижелілігін және комиссия тапсырмаларының орындалуын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жолдаудағы басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру
- 29 қазан, 2026
Ауылдың тамырына қан жүгіртетін шешім
- 29 қазан, 2026
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
- 29 қазан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




