«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауылдың тамырына қан жүгіртетін шешім

Ауылдың тамырына қан жүгіртетін шешім
Автор
Ауылдың тамырына қан жүгіртетін шешімПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауындағы ауыл шаруашылығына қатысты бөлімін мұқият тыңдап шықтым.

Мемлекет басшысы мәселенің өзегін тап басты.

Иә, біз былтыр жақсы серпіліс жасадық. Сала 6 пайызға өсіп, жалпы өнім көлемі 15 триллион теңгеге жетуі – мемлекет пен шаруаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Жеңілдетілген қаржыландырудың 1 триллионнан 1,5 триллион теңгеге дейін артуы – Үкімет тарапынан жасалған нақты қадам.

Бірақ, шынайы жағдайға келсек, Президент өте орынды атап өтті: бұл қаражаттың басым бөлігі инвестицияға емес, ағымдағы айналымды жабуға кетіп отыр.

Ауыл шаруашылығы – бір жылдық бизнес емес. Бұл – стратегиялық сала.

Бір егістік жерді тоздырмай, құнарлы ету үшін 5 жыл керек. Бір асыл тұқымды мал басын көбейту үшін 3-4 жыл керек. Сондықтан шаруаға 12 айлық несие беріп, 3 жылда үлкен серпіліс жаса деген – қисынсыз.

Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасын – «фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз етудің пәрменді тәсілдерін енгізу» – мен тарихи шешім деп бағалаймын.

Егер осы жүйе іске асса, біз облыс деңгейінде бірден нәтижесін көреміз. Ауылда тұрақты жұмыс орны пайда болады, жастар оралады, азық-түлік қауіпсіздігі нығаяды.

Президент Жолдауы – ауылға жаңа дем берді. Ендігі міндет – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар осы сенімді нақты іспен жалғауы керек.

Біз, өз тарапымыздан, облыс көлемінде осы бағытты толық қолдап, әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асуына жағдай жасайтын боламыз.

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

Ұқсас жаңалықтар