Мұнай бағасы 50 доллардан түсіп кетсе, теңге бағамы түзелмек
- author «Ақ жол»
- 15 ақпан, 2015
- 845
Егер мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллардан түсіп кетсе, теңге бағамы біртіндеп түзетілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты. Оның айтуынша, егер мұнай бағасы 50-60 доллар аралығында болса, онда Ұлттық қорға түсетін түсімдер шығындардан көбірек болады. Ұлттық банк алдағы үш жылда Ұлттық қордың әжептәуір өсімін де күтіп отыр. – Егер мұнай бағасы 50 доллардан төмен түсіп кетсе және тиімсіз сценарийлер орын алып жатса, онда айырбас курсының біртіндеп өзгертілуі, сонымен қатар, айырбас курсы дәлізінің кеңейтілуі де мүмкін, – деп түсіндірді ҰБ төрағасы. Оның айтуынша, қазіргі кездегі валюталық дәліз бізге теңге бағамын 1 долларға шаққанда 185 теңге шамасында ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




