«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Соңғы үш жылда 73 сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралған

Соңғы үш жылда 73 сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралған
Автор
Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі республикалық кеңестің облысымызда өткен көшпелі отырысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бойынша жұмыстың жағдайы және партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.

Кеңес отырысына Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров, Абзал Құспан, Нұрлан Әуесбаев және кеңес мүшелері қатысты. Жиынды ашқан кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің қоғамдағы әділдікті орнатуда маңызы зор екенін атап өтті.

– Соңғы уақыттары Жамбыл облысының білім беру ұйымдарына қатысты қоғамда бірқатар әлеуметтік мәселелер кеңінен талқылануда. Бұл ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі көтерілуде. Атап айтқанда, оқушылардың тәртібіне байланысты буллинг, агрессиялық мінез-құлық, мектеп ішіндегі және мектептен тыс ортадағы келіспеушілік жағдайлары туралы түрлі хабарламалар мен пікірлер жарияланып келеді. Кейбір жағдайларда атааналар мен қоғам белсенділері мектептердегі тәрбие жұмысының жеткіліксіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіруде. Бұл деректердің барлығы өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін күшейту, бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты, барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысы мен қатаң бақылауы ерекше маңызға ие. Осындай күрделі мәселелердің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және жою – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі басқосу осы бағыттағы нақты шараларды талқылауға, тиімді әрі нәтижелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, – деді Ерлан Саиров.

Кеңесте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев баяндама жас ап, өңірдің сыбайлас жемқорлықпен күресте атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері әкімдіктер жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың тұрақты бақылауында екенін, өткен жылы «Төртінші Үлгілік базалық бағыт» шеңберінде 98 мекемеде ішкі т алдау жүргізілгенін, 58 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті.

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әкімдіктер жанында 12 құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірдегі о сындай комиссияларда 73 сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралып, олардың нәтижесі бойынша 243 тапсырма берілді. Биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 20 миллион теңгеге 12 жоба іске асырылуда. Облыста мемлекеттік қызметтің 313 түрі көрсетіледі. Соңғы үш жылда электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 98,8 пайызды құрады. Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, әкімдіктің қызметін бюрократиядан арылту бағытында талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша заңнама ларды жетілдіру, рәсімдерді оңтайландыру, келісу сатыларын қысқарту және функционалдық жүктемені азайту бағытында 164 ұсыныс әзірленді,–деді Ербол Шырақпайұлы.

Сонымен қатар облыс әкімі өңірде Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы Өңірлік жол карт асының орындалуы тұрақты бақылауда екенін де жеткізді. Жол картасындағы 5 бағыттың 18 міндеті бойынша 103 көрс еткішке қол жеткізу карастырылған. Оның ішінде 2023-2025 жылдар аралығында міндеттелген 275 тармақтың 272-сі орындалған. Жиын барысында кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жай-күйіне талдау жасады. Оның айтуынша, 2024 жылдан күні бүгінге дейін барлығы 172 факті тіркелген. Сонымен қатар ол облыстық және қала-аудандық әкімдіктердің жанындағы ведомствоаралық комиссияның жұмысы ауқымды болғандықтан және барлық бағыттағы құқық бұзушылықтар қамтылғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көбіне назардан тыс қалып жатқанын жеткізіп, жұмысты жүйелеу керектігін жеткізді.

Бұдан бөлек кеңес отырысында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына қатысты да деректер айтылды. Облыста биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарлы 74 ісшараның 14-і орындалса, 60-ы орындалу үстінде. Сондай-ақ жиында партияның «Ауыл аманаты» жобасына өзгерістер енгізіп, қала құрамына енген елді мекен тұрғындарына да несие беру бойынша ұсыныстар айтылды. Бұдан өзге, жер кезегінде тұрған азаматтарға жер уақтылы берілмей жатқаны туралы мәселе көтерілді. Ол бойынша қала әкімі Бақытжан Орынбеков қазіргі таңда Тараз қаласында 134 мыңнан астам адам кезекте тұрғанын тілге тиек етіп, жыл сайын 300- ден астам адамға жер беріліп жатқанын баяндады.

Жыл сайын кезекте тұрғандардың саны өсіп келе жатқанын айтқан қала басшысы жер кезегіне азаматтарды тұрғызуға шектеу қою туралы ұсынысын білдірді. Сол секілді ақылы автожолдан түсетін қаржыға өңірдегі күре жолдардың бойын жарықтандыру мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасындағы Шу ауданы, Жайсан ауылындағы мектеп құрылысы мен Жамбыл ауданы, Қаратау ауылындағы жол жөндеу жұмыстары да кеңес назарына алынып, ол бойынша аудан әкімдері тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Десе де, бұл мәселе партия облыстық филиалының жіті назарында болмақ. Жиын қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдарының жұмысты күшейтуі керектігі сөз болып, алдағы уақытта жаңашыл талаппен жұмыс жүргізу қажеттілігі айтылды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар