Кітапхана жүйесіндегі жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 18:36
- 64
Конференцияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен кітапхана басшылары, баспагерлер, ақпараттық ресурс өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысты. 23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күніне орай тәжірибеге бағытталған ісшаралар, соның ішінде ИРБИС мектебі мен жасанды интеллект бойынша мастер-класстар, көрмелер жоспар бойынша өтті. Іс-шараның ашылуында сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Еркінбаева конференцияға қатысушылар мен қонақтарды VIII халықаралық ғылымитәжірибелік конференцияның ашылуымен құттықтап,
«Біздің университет үшін бұл конференция – отандық және шетелдік мамандардың тәжірибе алмасуына, озық идеялар мен жаңа технологияларды талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Әсіресе жасанды интеллект құралдарын кітапхана қызметіне енгізу, цифрлық ресурстарды дамыту, пайдаланушыларға сапалы әрі жедел қызмет көрсету мәселелері бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отыр. Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз академиялық кітапханалардың жаңа деңгейге көтерілуіне, білім беру сапасының артуына және ғылыми әлеуеттің нығаюына зор үлес қосатынына сенімдімін», – деді.
Конференция аясында атақты дизайнер Кристиан Диордың музасы – қазақтан шыққан және әлемдік жоғары сән тарихында маңызды рөл атқарған Алла Ильчунның 100 жылдығына арналған «QAZAQ FASHION» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітап Францияда ағылшын және орыс тілдерінде басылып шыққан, таныстырылымға Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының төрағасы, автор Берлин Иришев және басқа да қонақтар қатысты.
Конференция «Кітапхананы автоматтандыру: цифрлық трансформация және технологиялық шешімдер», «Жасанды интеллек тін і енгізу жағдайында кітапхана коллекциялары мен электрондық ресурстарға қолжетімділік және дамыту», «Университет кітапханаларының ағымдағы мәселелері: дамуға арналған қиындықтар мен стратегиялық бағыттар» атты пленарлық сессиялармен жалғасты.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Тараз – қолөнердің жүрегі, мәдениеттің мәйегі
- Бүгін, 18:40
Кітапхана – өмірімнің бір бөлшегі
- Бүгін, 18:21
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




