«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 1-ші тоқсанындағы атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың  1-ші тоқсанындағы атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Автор
Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 1-ші тоқсанындағы атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімде тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департаментпен жоспардан тыс 5 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: Комитеттің тапсырмасы бойынша – 4, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 1.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 5 жағдайда жалпы сомасы 1083,7 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 26,3 миллион теңгесі (толық бюджетке өтелді, бұл 100 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 057,4 миллион теңгесі (орындалған жұмыстарымен қалпына келтірілгені – 928,2 миллион теңге, бұл 87,8 пайызды құрайды).

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 5 жағдайда жалпы сомасы 1083,7 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататын – 26,3 миллион теңге (бюджетке толық көлемде өтелді, бұл 100 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататын – 1057,4 миллион теңге (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер арқылы 928,2 миллион теңге қалпына келтірілді, бұл 87,8 пайызды құрайды).

Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

– орындалмаған жұмыстар және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 980,7 миллион теңгеге;

– мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 103,0 миллион теңгеге анықталды. Департаментпен камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 11439 рәсімінің 11434-і қамтылды, бұл 100 пайызды құрайды, оның аясында ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге 1103 хабарлама жолданды, оның ішінде 1057 хабарлама орындалды, яғни 95,8 пайызды құрайды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

 

Марат ЕГЕМБЕРДИЕВ

облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы.

Ұқсас жаңалықтар