Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2026 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялықпрофилактикалық ісшаралары жоспарға сәйкес тиісті деңгейде орындалуда. Биыл 8 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмысын жүргізу жоспарланған. Осы жылдың бірінші тоқсанында 769040 манипуляцияға вакцинациялау жұмыстары жүргізілген. Сарыпқа қарсы 108102 малдан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексеру жұмыстары атқарылған. Нәтижесінде ұсақ 4 бастан ауру анықталып, «ИП Рамазан» мал сою пунктінде сойылып, өңдеуге жіберілген. Ауданда екпемен қатар төлді бірдейлендіру жұмыстары да қатар жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күні жалпы 67430 бас ауылшаруашылық жануарларының төлдері бірдейлендірілген.
– Бүгінгі күні кәсіпорынның теңгерімінде 32 автокөлік бар. Оның 19-ы «НИВА», біреуі «Санг Енг» автокөлігі болса, тағы бірі «ДУК» машинасы. Бұдан бөлек 4 «УАЗ», 5 жеңіл автокөлік және «Газ-53» пен «Газ66» маркалы жүк көліктері бар. Ауылдық округтерде 111 ветеринар маман жұмыс істейді, оның 32-сі жоғары, 79-ы орта білімді. Қазіргі таңда 15 ауылдық округтің 12-сі ветеринариялық бекетпен, мал егу және емдеу орынымен қамтылған, ал үшеуі ауылдық округ әкімдігі ғимаратында орналасқан. Ауданда мал өлекселерін тастайтын 3 биотермиялық «Беккари» шұңқыры бар. Олар Ақбұлақ, Құлан, Өрнек ауылдық округтерінде. Биыл мал өлекселерін тастайтын 5 Беккари щұңқырын салу жоспарлануда. Сондай-ақ Қорағаты, Көгершін, Луговой, Көкдөнен, Өрнекелді мекендерінде типтік үлгідегі 5 ветеринариялық пункт салып, биыл пайдалануға беру көзделіп отыр, – дейді бөлім басшысы.
Бүгінгі күні Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы 12 елді мекенде 27 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан. Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларында аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты түрде тоқсан сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады. Кәсіпорын теңгерімінде 2 мал сою алаңы бар, олар Ақыртөбе және Құлан ауылдық округінде орналасқан.
Бөлім басшысының айтуынша, ауданда бүгінгі таңда эпизоотиялық жағдай тұрақты. Атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттар кәсіпорын тарапынан Facebook және Instagram желілеріне салынып отырады. Адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен шаруа қожалық иелеріне кәсіпорын қызметкерлері тарапынан жадынамалар таратылып тұрады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Үй салудың жоспары қалай орындалып жатыр?
- Бүгін, 17:15
Жасыл бастама – жарқын болашақтың негізі
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




