Жалпы облыс аумағындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Сонымен қатар елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төндіруі мүмкін 12 су қоймасы бар.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаров қазіргі таңда елді мекендерде қар жамылғысы мен топырақтың қату деңгейі жоқ екенін жеткізді. Гидрологиялық деректерге сәйкес өзендердегі су деңгейі тұрақты, күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Өңір басшысы ауа райының күрт жылынуы таулы аймақтардағы мұздықтардың еруіне әкеліп, көлбеу ағын қаупін күшейтуі мүмкін екенін атап өтті. Алдағы аптада жауыншашынның мол түсуі болжанып отыр.
– Өткен жылы өңірде су тасқыны жағдайлары тіркелді. Сондықтан тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі кеңесте бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, осы аптаның сенбісінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арық-атыздар мен су жүйелерін тазалау, автожолдар бойындағы көпірлер мен су өткізу құрылғыларының жай-күйін тексеру, сондайақ техникалардың дайындығын қатаң бақылауға алу міндеттелді.
Сонымен қатар су тасқыны қаупі бар елді мекендерде қажетті резервтер жасақталып, мобильді топтар құрылуы тиіс. Ауа райының өзгерісіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуы қажет.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар алдын ала жоспарланып, жанар-жағармай, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық қорлардың жеткілікті болуы қамтамасыз етілуі тапсырылды.
– Ең бастысы – тұрғындардың қауіпсіздігі. Төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмі қатаң сақталуы тиіс. Табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары қазірден басталуы қажет, – деп түйіндеді өңір басшысы.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Алтай Әліге мәселені тұрақты бақылауда ұстау міндеті қойылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- Бүгін, 12:08
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




