Арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына 9,3 миллиард теңге бөлінген
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 11:37
- 58
Сессияда облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің сапасы туралы баяндама жасады.
– Облыста әлеуметтік салаға ерекше мән беріліп келеді. Оның ішінде осал топтарға жататын мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл санаттағы 2,2 мың азаматқа өткен жылы 18 медициналықәлеуметтік мекеме тарапынан 8 қызмет түрі бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Аталған орталықтардың қызметіне биыл 9,3 миллиард теңге бөлініп, соңғы үш жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, оң динамика қалыптасуда. Әрине, қызмет сапасына орталықтардың материалдық-техникалық базасы да өзінің септігін тигізеді. Соңғы үш жылда бұл бағытқа 1 миллиард теңге бөлініп, құрал-жабдықтардың бірқатар бөлігі 76 пайызға жаңартылды. Алдағы екі жылда тағы 550 миллион теңге қаржы қарастыру жоспарлануда. Нәтижесінде орталықтардың материалдықтехникалық құралдарының жаңару деңгейі 85 пайызға дейін артады деп күтілуде. Одан бөлек 18 орталықта 41 автокөлік бар болса, соңғы бес жылда осы автокөліктер паркі 38 пайызға жаңарған. Сондай-ақ соңғы үш жылда 11 орталық ағымдағы жөндеуден өтті.
Бүгінде Үкімет тапсырмасына сәйкес барлық қызметтерді бір іздендіріп, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер цифрландырылуда. Мемлекеттің бұл саясаты бірінші кезекте мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Өткен жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытында қызмет алушылар онлайн негізде өздеріне жұмсалған қаражат туралы мәліметті «Әлеумет» порталы арқылы көруге мүмкіндік а лды. Одан бөлек, «Социум» порталы қазіргі қабылданып жатқан жан басына шаққандағы қаржыландыру процестерін бақылауға мүмкіндік береді, – деді Айжан Серікбайқызы.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің жұмысына жүргізілген зерделеу нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаты Фарида Жүнісова хабарлама жасап, салада шешімін күтіп тұрған бірқатар өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Сессияда депутаттар Жанат Бастаубаева, Оралхан Дәуіт, Жұмахан Тәнкебаев, Жанар Бүркітбаева, Ерұлан Мығзымбеков, Фарида Жүнісова өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Сессия соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына қосқан үлесі және 15 наурыз күні өткен республикалық референдумды ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін бір топ азаматтарға марапаттар табыс етті.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- Бүгін, 12:33
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- Бүгін, 12:08
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




