«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Заң мен тәртіп»: Синтетикалық есірткіге қарсы дөңгелек үстел өтті

«Заң мен тәртіп»: Синтетикалық есірткіге қарсы дөңгелек үстел өтті
Ашық дереккөз
Өңірде «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидатын жүзеге асыру аясында Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен университет құрамындағы Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің студенттеріне арналған «Жастар тәрбиесі және синтетикалық есірткінің зияны» тақырыбында ақпараттық танымдық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

 Іс-шараны модератор ретінде Әлеуметтік жұмыс басқармасының маманы Е.И.Мамедалиев жүргізді.

Іс-шараға – Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Айгерім Каукешова, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев,  Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жастар ісі жөніңдегі маманы Еркебұлан Спабек қатысты.

Жастар тәрбиесі мен синтетикалық есірткіге қарсы күрес – бір-бірімен тығыз байланысты мәселе. Жастар дұрыс тәрбие алып, салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда ғана қоғамда мұндай зиянды құбылыстардың алдын алуға болады. Салауатты, саналы, білімді жас – елдің жарқын болашағының кепілі.

Іс-шара соңында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұшымды жауап алды.

 

Ұқсас жаңалықтар