Жамбыл шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті, ана тілінің көркемдік ерекшелігі мен бай сөздік қорын насихаттауды, ақынның мол мұрасын жас ұрпаққа танытуды және рухани құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен марафонға 20- дан астам қатысушы мәнерлеп өлең оқыған бейнероликтерін жолдаған. Поэзия марафоны аясында бір ай бойы облыстың әр өңірінен қатысқандар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқып, өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бейнероликті жариялаған. Олардың арасынан қазылар алқасының шешімі бойынша үздік 11 қатысушы марапаттау кезеңіне өтіп, қорытынды кезеңде сол жаттаған жырларын көпшіліктің алдында оқып, өзара сайысқа түсті.
– Облысымызға есімі берілген жырау, ХХ ғасырдың Гомері ат анған Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған поэзия марафоны өлең сөздің мәнерін ұғындырды деп ойлаймын. Жамбыл атамыз – халық поэзиясының алыбы. Қазақ пен қырғыз арасында шебер айтыскерлігімен, ұшқыр ойымен кеңінен танылып, кезінде 15 республиканың астанасы болған Мәскеудің төріне шыққан ақын бабамыздың есімі әлемге танылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қайғы құшқан көпшілікті «Ленинградтық өренім» өлеңі мен жұбатып, жүректерге үміт сыйлап, күш-жігер берді. Сол ақынның жүрегінен туған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыған бүгінгі марафонға қатысушыларға алғыс айтамын, – деген облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай марафон жеңімпаздарын марапаттады.
Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының кітапханашысы Камила Абдуалиева жеңіп алды. Ал екінші орынды Жамбыл ауданының Айша бибі орта мектебінен қатысқан Мерей Жамалбек олжалады. Жүлделі үшінші орынды Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Әлия Отарбаева мен Жуалы ауданынан келген Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Кристина Чакова иеленді. Өзге де қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




