Ал жастардан «қумашы» деген сөзді жиі еститін болдық. Не мағына беретінін түсінбедім. 2024 жылдың көктемінде Астанадағы Ұлттық кітапханаға бардым. Залда үлкен конференция өтіп жатыр екен. Мен де кірдім. Ылғи тіл мамандары жиналыпты. Сол тіл мамандарының бірі «Менің ұялы телефоныма «каксіз?» деген хабарлама келді. Ол енді «қалайсыз?» дегені шығар. Сондай сөз бола ма?» деп айтып жатты.
Шынында, қазіргі жастар ұялы телефон арқылы жіберген хабарламаларын а н небір сөздерді оқып, айран-асыр боласың. Кейде адамдар «аха» деп бас шұлғып жатады. Кітапта ондай сөз жоқ. Меніңше бұл орыстың «ага», яғни, «иә» деген сөзінен шыққан. Біз «г» әрпінің орнына «х» әрпін қойып, «аха» деп айтып жүрміз. Дәл осылайша «орай» деген сөзді де дұрыс қолданбай келеміз. « Орайын тауып», «орайы келгенде» деуші еді, қазір «өкінішке орай» деп жазады немесе айтады. Айта берсек, мұндай орашолақ сөздер өте көп. «Ұлы» деген сөзді де біресе адамға, біресе табиғатқа теңейміз.
Меніңше бұл да дұрыс емес. «Ұлы» деген сөз тек Аллаға ғана тән емес пе?! Сөздің де киесі бар екенін ұмытпайық, ағайын. Балаларымызға дұрыс сөйлеуді үйретейік. Тілі енді шығып келе жатқан балаға бесік жырын, халық әнін жаттатқызып, салт-дәстүрді, жалпы ұлттық құндылықты бойына сіңірсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Бақтыгүл ӘБДІБАЙҚЫЗЫ
көпбалалы ана.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




