Өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін орманшы-қорықшылар және өрт сөндіру командалары сынақтан өткізіліп, алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен қамтамасыз етіліп, автокөлік, трактор техникалары бекітіліп және мемлекеттік орман қоры аймағында өрт туралы хабар беріп тұратын байланыс құралдарымен (рация) тұрақты хабарға шығып тұру ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ, Ақкөл мемлекеттік мекемесі жанында ормандағы өрт сөндіру стансасы жұмыс істейді. Бөлімше 1-ші және 2-ші типтегі ормандағы өрт сөндіру станциясы болып бөлінеді. 1-ші типтегі станциясының жеке құрамы 24 адамнан, 2-ші типтегі станциясының жеке құрамы 14 адамнан, жалпы саны 38 өрт жасақшысынан құрылған. Өрт сөндіруге арналған маркасы УАЗ 330365-441, АЦ-0,9, JAC-T6,ГАЗ-27527 автокөлігі толық дайындықта тұр.
Орман қоры аумағында орнатылған барлық орман бақылау бекеттері мен өрт бақылау мұнаралары жөндеуден өткізіліп, жанар-жағар май материалдарының резервтік қорын құру, табиғат қорғау мен өртке қарсы үгіт-насихат тақырыбындағы барлық көрнекті тақтайшаларды жаңарту (аншлаг, панно, т.б.), өртті болдырмау және олардың алдын алу, уақтылы хабар беру, жеделдетіп жолға шығу, тағы сол сияқты нұсқамалар оқытылып, жаттығулар өткізіліп жатыр. Орман өрттерінің негізгі себептері мыналар: сөндірілмеген шылым не сіріңке, аңшылықтың салдары, орман корындағы қараусыз қалған от көздері. Табиғатымызды аялап, өрттен қорғайық!
Самат ЖУАСБАЕВ
Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман күзету және қорғау инженері.
Ұқсас жаңалықтар
Ұжымдық мәдениет – ортақ жетістік кепілі
- Бүгін, 17:02
Қазақстандық студенттер жарыс болидін құрастырды
- Бүгін, 11:47
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




