Осы мақсатта Тараз қаласындағы көрме залында «Жаңарған қолтаңба» атты қолөнершілердің есептік көрмесі өтті. Аталған ісшараны «Тараз‑Туризм» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – өткен жылдың 25-26 қарашасында өткен «Қолөнершілердің кәсіби біліктілігін арттыру» бағдарламасы аясында іріктеуден өткен шеберлердің аралық нәтижелерін таныстыру.
Бағдарламаға қатысқан қолөнершілер ағаш өңдеу, қыш өнері, зергерлік және жібек бағыттары бойынша шеберлік сабақтарынан өтіп, тәжірибесін жетілдірді. Оқыту аясында шеберлер Ташкент және Самарқанд қалаларында, сондай-ақ Бішкек шаһарында тәжірибе алмасып, шетелдік мамандардан тәлім алды. Көрмеде сол сапарлардың нәтижесінде жасалған қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар көрменің басты міндеті – қолөнершілердің шығармашылық және кәсіби даму нәтижелерін көрсету, өңірлік қолөнер өнімдерінің сапасы мен әлеуетін айқындау, сондайақ жергілікті шеберлердің еңбегін ақпараттық тұрғыда қолдап, ілгерілету. Көрмеге облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, сондай-ақ оқыту бағдарламасына қатысқан 14 қолөнерші қатысты.
Жиында шеберлердің жұмыстарын таныстырумен қатар оқыту нәтижелерін қорытындылау және қолөнершілерді қолдау мәселелері бойынша жабық форматтағы жұмыс кездесуі өтті. Бұл көрме – жергілікті шеберлердің жаңа ізденістері мен жаңарған қолтаңбасын таныстыратын, ұлттық қолөнердің дамуына серпін беретін маңызды мәдени ісшара болды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




