Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы орындарды және оларды пайдалану мерзімдерін белгілеу» туралы бұйрықтың негізінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын республика бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері заңмен белгіленген. Облыста балық аулауға тыйым салынған мерзімдер:
1. Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында: 1 наурыздан бастап 1 шілде аралығында;
2. Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден бастап 31 мамыр аралығында;
3.Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 15 сәуірден 30 маусым аралығында жүргізіледі. Осы себепті балықшылар мен балық аулау әуесқойларының назарына:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес 2004 жылғы 9 шілдеден бастап балық аулауға рұқсат етілмейтін жағдайлар:
– пайдалану балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдары;
– алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде немесе мастықтың басқа түрінде;
– балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен рұқсат етілмеген тәсілдермен;
– балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерде, шлюздерде және көпірлерде бес жүз метрден жақын қашықтықта балық аулау;
– балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шоғырлану орындарында және олардың қоныс аудару жолдарында;
– жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолдана отырып;
– уәкілетті органмен тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен әдістерін рұқсатсыз пайдалану Су қоймасында немесе оған жақын жерде пайдалану балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдарымен жүруге тыйым(!) салынады.
Н.КӨЛБАЕВА
Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




