«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Масленица» мерекесін ұйымдастырып, қыспен қоштасты

«Масленица» мерекесін ұйымдастырып, қыспен қоштасты
Автор
Халықтар арасында жаңару мерекесінің бірі – Масленица. Биыл бұл мереке 16 ақпан мен 22 ақпан аралығында өтті. Осыған орай Тараз қаласының Жібек жолы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір орталығында көктемнің жаршысы саналатын «Масленица» мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Қыспен қоштасып, шуақты көктемді қарсы алатын мерекеге орталықтың қызмет алушылары мен өзге ұлт өкілдері белсене қатысып, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртты. Қатысушылар бірлесіп дәстүрлі құймақтар пісіріп, дастарқан жайды.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – қыстың бейнесі саналатын тұлыпты өртеу рәсімі де келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар бұл сәтті ерекше ықыласпен тамашалап, бірбіріне ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді әндер шырқалды.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне орталықтың қызмет алушылары – О.Филимонова, Ш.Касанов, Н.Ищенко, К.Оспанова, Б.Узакбаева, Н.Ахмадеева, А.Сафиулина, Л.Таранова, Л.Горобцова, Р.Артюкова белсенді түрде атсалысты.

– Масленица – қыспен қоштасып, көктемді қарсы алатын, молшылық пен қуанышты дәріптейтін ежелгі славян мерекесі. Ол бір апта бойы тойланады. Негізгі дәстүрі – құймақ пісіру, халықтық серуендер, ойын-сауық ұйымдастыру және қыс бейнесін, яғни тұлыпты өртеу. Мереке күннің жылынуын және табиғаттың жаңаруын білдіреді,– дейді ұйымдастыру ісінде жетекшілік еткен Ольга Филимонов.

Ұқсас жаңалықтар