Best Practices бағдарламасы барысында шығармашылық мамандықтар саласындағы үздік тәжірибелер, шеберлік сыныптары және кәсіби бағыттағы өзекті мәселелер ұсынылады. Практикалық шеберлік сыныптары 6 аймаққа бөлінді. Әр аймақтың өз атауы мен ұйымдастырған шеберлік сыныптары болды.
Бірінші аймақ сурет пен қолөнерді насихаттап, дәстүр мен жаңашылдықты көрсетті.
Екінші аймақ керамика мен гипстың шығармашылық мүмкіндіктерін, қолөнершілердің шеберлік сыныптарын паш етті. Үшінші аймақ қолөнердегі жүннің мүмкіндіктері мен идеядан дайын бұйымға дейінгі шеберліктерін көрсетті. Ал келесісі құрақ құрап, ұлттық қолөнердің негізін, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарын көрсетумен жалғасты.
Облыстық Best Practices жас ұрпақтың еңбек нарығына дайындық деңгейін арттыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ететін маңызды тәжірибелік алаң болды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, студенттер, кәсіпкерлер, үздік тәжірибелі с ала мамандары мен сарапшылар қатысты.
– Осы оқу ордасына 12 шеберді ертіп келіп отырмын. Қоғамдық бірлестікте 90 адам бар. Алты аймақта әр түрлі бұйымдарды көрсетіп тұр. Жүн басу, басқұрт тоқу сынды қазақтың төл өнерін көрсетіп отырмыз, – дейді «Қолөнер Тараз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Иманәліқызы.
Университеттегі шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттер бұл шарадан тәжірибе алып, бір жағы қандай жұмыстармен қамтылуға болатынын ұқты.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Баршаға жақсылық тілеп тұратын ақсақал еді
- Бүгін, 17:56
«Кәдесый шеберханасы» – ем мен еңбектің үйлесімі
- Бүгін, 10:08
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




