Қызыләуіт ауылдық округінде орналасқан «Балдәурен» балабақшасына ауылдан шыққан жанашыр азаматтардың демеушілігімен жүргізілген жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Осы игі істің құрметіне ауылдықтардың қуанышын бөлісу үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов балабақшаға арнайы келіп, демеушілік жасаған азаматтар мен азаматшаларға шынайы алғысын білдіріп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Бұл бастама – ауыл жастары мен азаматтарының еріктілік рухы мен туған жерге деген жанашырлығының айқын көрінісі. Жас ұрпақтың тәрбиесі мен болашағына бейжай қарамай, қолдау көрсеткен азаматтар – Нұржан Манатбек, Әбдіқадір Нұркен, Данияр Мейірбекұлына ауыл тұрғындары зор ризашылығын білдірді.
Гүлнұр ЖИДЕБАЕВА
Қызыләуіт ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы.
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




