«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл Әйелдер қанатының жұмысы кеңейеді

Биыл Әйелдер қанатының жұмысы кеңейеді
Автор
Тараз қаласында өңірлік Әйелдер қанатының басшысы Айман Әшімованың қатысуымен «Әйелдер қанаты: нәтиже, бағыт, болашақ» тақырыбында нәзікжандылармен кездесу өтті. Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды.

Айман Әшімова атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асатын негізгі іс-шаралар мен ауқымды жобаларды таныстырды. Ол өз сөзінде Әйелдер қанаты партия жұмысының сенімді тірегі екенін атап өтіп, әйелдердің қоғамдықсаяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілетін дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, нақты бастамалар ұсынудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ әр ауданның жұмысын күшейтіп, жауапкершілікті арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңеске қатысушылар бұл пікірді толық қолдап, алдағы жұмыстарға тың серпін алды. Ал өткен жыл партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты үшін табысты жыл болды. Атап айтсақ, бүгінде өңірлік Әйелдер қанатының құрамына 360 белсенді әйел тартылған. Тараз қаласы мен 10 ауданда үйлестірушілері бекітілген. Сондай-ақ 23 адамнан тұратын Әйелдер қанатының Кеңесі құрылған. Жыл ішінде оның 4 отырысы өткізіліп, Жамбыл, Шу, Меркі, Талас аудандық үйле стірушілерінің е с ептері тыңдалды, Тараз қалалық отбасын қолдау орталығының жұмысы қаралды. Әйелдер көшбасшылығын дамытудың «Айша бибі» жобасы талқыланып, бекітілді.

Әйелдер қанатының 10 басым бағытына сарапшылар бекітілген, олардың 6-уы мәслихат депутаты, 3-уі отбасы және жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мекеме басшысы, 1-уі жоғары оқу орнының қызметкері. Есепті жылы 80-нен аса іс-шара өткізіліп, 6 мыңға жуық адам қамтылды. Әйелдердің көшбасшылық мектебі құрылды.

Мектеп шеңберінде 4 ауданда екі күндік оқыту семинарлары өткізілді. 120 әйел көшбасшылық, коммуникация және шешім қабылдау дағдыларын меңгерді. «Әйел аманаты» жобасы бойынша әлеуеті жоғары 100 әйел іріктеліп, белсенді әйелдердің дерекқоры жаңартылды. Атап өтерлігі, олар биыл арнайы оқыту курстарынан өтеді. «Томирис» партиялық жобасы аясында өңірде түрлі саладағы 30-дан астам белсенді әйелден сауалнама жүргізіліп, кәсіби тәжірибесі мен әлеуеті бағаланды. Іріктеуден өткен 9-ы жобаға қатысуға ұсынылды, оның 3-уі конкурстық комиссия шешімі негізінде респубикалық оқыту курсынан өтті.

Жалпы, «Томирис» партиялық жобасы басталғалы, оның курстарын 9 әйел бітірді. Олар өңірдің қоғамдық-саяси өміріне өте белсенді атсалысуда. Мәселен, 3-і облыстық мәслихат депутаты, 2-і Тараз қаласының депутаты, 1-і аудан әкімінің орынбасары. Сондай-ақ А.Әшімова – Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының басшысы, К.Амирова – Әйелдер қанатының Байзақ ауданындағы үйлестірушісі, А.Даулетбаева – облыс әкімінің инклюзия бойынша кеңесшісі, А.Қайназарова – облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, облыс бойынша әйелдердің құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде белсенді жұмыс істеуде.

Осы әйелдер көшбасшылығын дамыту ауқымын кеңейту мақсатында «Әйел аманаты» партиялық жобасы аясында өңірлік «Айша бибі» жобасы бекітілді. Ал ауыл әйелдеріне арналған өңірлік «Әйел табысы» жобасы іске асырылуда. Оның аясында қаржы институттарын тарта отырып, 3 ауданда оқыту с еминарлары ұйымдастырылды. Оған қамтылған 75 ауыл әйелі ішінен бүгінгі күні Жамбыл, Меркі, Талас, Жуалы аудандарында 6 әйел өз кәсібін бастап отыр. «Әйелдерге ыңғайлы кәсіпорын» жобасы аясында облыстағы 24 кәсіпорында әйелдердің еңбек жағдайына мониторинг жүргізілді. Әйелдер қанатына қоғамдық қабылдауға қайырылған 16 әйелдің мәселесі толығымен шешілді. «МАР Т» с ауда орт алығында өткізілген ашық есік күні аясында 39 отбасына заңгерлік, әлеуметтік және психологиялық кеңес берілді.

Жергілікті «Тараз-24» телеарнасымен бірлесіп «Бақыттың бағасы» подкаст студиясы іске қосылды. Бүгінгі күні ғылыми салада еңбек етіп жүрген 4 ғалым, 2 депутат әйел туралы арнайы материал әзірленді. «Табыс тарихы» жобасы бойынша 8 бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Жас қаламгер қыз-келіншектерді қолдау мақсатында олардың өлеңдер жинағы баспаға дайындалды. Қазіргі таңда ғалым әйелдердің энциклопедиясы жинақталу үстінде. 2026 жылы бұл бастамалар өз жалғасын табады.

Бұдан бөлек әйелдерді көшбасшылыққа баулитын «Айша бибі» бағдарламасы іске қосылады, «Әйел депутат: тәжірибе және сабақ» атты ашық диалог алаңы жұмыс істейді. «Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» стандарты бойынша кәсіпорындардағы әйел еңбегінің жағдайын зерделеу жұмыстары күшейтілмек. Ал «Цифрлық қоғам» бағыты бойынша «Әлеуметтік әмиян» құралын пайдалануға жаппай оқыту жүргізіледі. Биыл «Ана болу мектебі» жобасы басталады. Мүмкіндігі шектеулі әйелдерді қолдауға арналған «Сенім жолы» жобасы жүзеге асырылады. Әрине, алда атқарылар жұмыс көп. Әйелдер қанаты түрлі қауымдастықтармен бірлесе отырып, нақты нәтижеге жұмыс істейтін болады.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар