Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін білімді адам ретінде үкіметте біраз лауазымды қызметтер атқарады. Атап айтсақ, дегелең болысы атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы мен Семей сот мекемелерінде, Түрксіб басқармасында, «Теміржолшы» газетінің бас редакторы ретінде біраз өлкелерді аралап, очерктер және әңгімелер жаза бастады. Кейін академияның тіл және әдебиет институтында жұмыс істеді.
Бірінші кітабы «Қыран кегі» деген атпен 1943 жылы шықты. Бұл аңыздар бойынша жазылған кітап болатын. Жалпы оның балаларға арналған туындылары табиғатты сүю, еңбек ету, үлкендерді сыйлап, оларға көмекші болуға үйретеді. Соғыс тақырыбына бірнеше поэмалар жазды, солардың ішінде Кеңес Одағының батырлары Нұркен Әбдіров пен Төлеген Тоқтаровқа арнап жазған дүниелері оқырманның жоғары бағасын алды. Жалпы 25 поэма жазған қаламгер.
Повестерінің көбісі орыс және басқа ұлттардың тіліне аударылып, Мәскеуде, шетелдерде жарық көрді. «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала Шоқан», «Шоқанның асулары», жа лпы 12 пове сі бар. Мысалы, «Бала Шоқан» деген повесіне кірген «Қиссалар мен шығыс шайырларына құмар Шоқан», «Киргиз емеспін, қазақпын», «Мүсінші Мысық» және тағы басқа бөлімдерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызығушылықпен оқыды. Осыдан кейін Сапарғали Бегалин шоқантанушы деген атқа ие болды. Жамбыл Жабаевтың 100 жылдығына орай 1946 жылы ақынның өмірі мен шығармашылығына арнап монография жазды. Ол үшін көптеген мәліметтерді жинақтап, ұлы ақынның өзімен кездесіп, сұхбаттасқан.
С.Бегалиннің өлеңдеріне белгілі композиторлар А.Жұбанов, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, М.Төлебаев, Е.Рахмадиев және тағы басқалары 50 шақты ән жазды. Солардын ішінде «Ақтамақ» «Ақ көгершін» «Бақыт маршы» сияқты ел ішінде кеңінен таралған әндері бар. Жазушы Мұхтар Әуезовпен жақын қарымқатынаста болған. Бірде бір топ қаламгер Бегалиннің үйінде қонақта болады. Сонда бір белгілі жазушы «Сапарғали үш репрессияға ұшырамай қалай аман қалды?» деп таңқала сұраған екен. Оған Мұхтар Әуезов «Сапекең бұлақтын суындай таза, Сапекең – біздің мәдениетіміздің ары» деп жауап қатыпты. Жазушының баласы Мәжит Бегалин – белгілі кинорежиссер екенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
1967 жылы студент кезімде Қазақ Мемлекеттік университетінде өткен С.Бегалиннің шығармашылық кешіне бардым. Ол кісінің белгілі балалар жазушысы екенін білетінбіз, бірақ та қолымызда кітаптары болған жоқ. Кездесу біткеннен кейін қасына барып қолтаңбасын беруін өтіндім. Атымды, қандай мамандықта оқитынымды сұрады. Есімде қалғаны – ол кісі өте сабырлы, сөзіңді мұқият тыңдайды екен. Одан кейін де талай белгілі адамдардан автографтарды алдым. Бірақ Сапарғали Бегалиннің жазған сөздері маған ерекше әсер етті. Алдында тұрған ауылдың қарапайым қызының бойында шығармашылыққа деген құштарлық бар екенін сезгеніне таң қалып, әрі риза болдым.
Фатима ОРАЗБЕКОВА
педагог-ардагер,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы құндылығы: Таразда әкелер форумы өтті
- 29 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




