Жамбыл облысында "Заң мен тәртіп" қағидаты кеңінен насихатталуда
- author «Ақ жол»
- 29 қаңтар, 2026
- 1.1k
Кездесуге Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Медина Қайратқызы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Ерген Мұратқызы, №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Батырбаева қатысты.
Сонымен қатар, келелі кездесуде Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытты. Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесін таныстырды.

Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені жастар – елдің ертеңі, ал заңға бағынған ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




