Қазақстандық мұғалім әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2026
- 683
2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.
Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.
Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1–5 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады. Қазақстандық педагогтің бұл жетістігі елдегі мұғалімдер даярлау жүйесінің сапасы мен білім беру саласының тұрақты даму деңгейін көрсетеді.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы мерейлі жетістігімен құтттықтады.
– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




