Ұжымдық шарт талаптарының орындалуы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Аширбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы білім саласына 33 миллиард 607 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде педагогтердің айлық жалақыларына 17 миллиард 599 миллион 711 мың теңге жұмсалған. Бөлінген қаражат алдыңғы жылмен салыстырғанда 986 миллион 262 мың теңгеге артқан.
Ауданда 50 мемлекеттік мектеп, 23 жекеменшік мектеп, 9 мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі, 17 балабақша, 51 жекеменшік балабақша, 3 шағын орталық, бір арнайы білім беру мекемесі жұмыс істейді. Мұнда еңбек етіп жатқан педагогтер саны – 3388. Білім қызметкерлері кәсіподағының Қордай аудандық комитеті мен білім бөлімінің арасында 2024- 2026 жылдарға арналған ұжымдық шарттың аясында педагогтердің құқықтары қорғалған. Ал аудандық кәсіподақ төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева 82 бастауыш кәсіподақ ұйымында 5492 кәсіподақ мүшесі барын айтты. Аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрамына аудандық білім бөлімі, 47 мектеп, 4 жеке мектеп, 13 қосымша білім беру ұйымы мен 17 балабақша енген.
Өткен жылы кәсіподақ мүшелерінен 505 өтініш түскен. Жазбаша түскен 21, ауызша түскен 484 өтініштер мен сұрақтарға заң аясында құқықтық кеңес берілген. Бұдан бөлек, еңбек адамының құқығы мен мүдделерін әлеуметтік әріпте стік аясында қорғау барысында жүргізілген тексерістер аясында 237 құқық бұзушылық анықталып, бүгінде барлығы заң шеңберінде шешілген. Қордай аудандық комитеті филиалының жұмысына қанағаттанарлық баға берген аудандық білім бөлімінің әдіскері Совет Жасыбаев, «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Айша Идыбо мен Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Майра Есқожаева өз ұжымдарындағы ұйымның атқарған жұмыстарымен де таныстырып өтті.
Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік аясында олар шалғай елді мекендерде педагогтерді жұмысқа конкурссыз қабылдау, 1,5 жүктемеден аспайтындай біліктілік талаптарға сай келетін пәндерді мұғалімдер арасында ваканттық сағатты бөлуге рұқсат беру, мемлекеттік наградалары бар педагог-шебер ұстаздарды жұмыс ауыстырған жағдайда конкурссыз қабылдау және басқа да ұсыныстар айтты. Жиын барысында көтерілген сұрақтарға және филиалдың жұмысына байланысты Ұжымдық шартта көзделген нормаларға арнайы тоқталған Ерұлан Мағзымбеков бүгінге дейін жергілікті кәсіподақтың осы құжат негізінде жеткен жетістіктерін ашып түсіндіріп берді.
– Сіздер ұсынған мәселелер кәсіподақ мүшелері мен мекеме басшылары тарапынан жиі айтылып, көтеріліп те жүр. Біз мұны қарап, алдағы 2027-2029 жылдарға жасалатын Ұжымдық шартқа қанатқақты жоба ретінде енгізіп көрелік. Ол өз нәтижесін беретін болса шарттың негізгі нормасына енеді. Осы жерде бірқатар аудандарда ісжүргізушілер мен хатшылардың жалақысына қосымша ақы төлеу мәселесі шешімін тапқан. Бұл норма Қордайда тоқтап тұр. Осы мәселені аудандық білім бөліміне жақын арада шешіп беруді тапсырамыз. Бұл норма Қордайда оң шешімін табады деген сенімдеміз, – деді Ерұлан Сәбенұлы.
Жиын барысында жаңа жылдың жұмыс жоспары, қаржылық есебі бекітіліп, тиісті қаулылар қабылданды. Жиын соңы марапатқа ұласты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жасанды интеллект стратегиялық таңдау
- Бүгін, 19:03
Цифрландыру дәуіріндегі әділеттің жаңа келбеті
- Бүгін, 18:35
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




