Естеріңізде болса, осы полиция капитаны 2011 жылы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында құрбан болған еді. Батырдың атындағы сыныптың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Дәурен Сапиев, аудандық прокуратураның аға прокуроры Арманжан Әбдібеков, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.
Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері «Жас сақшы» сыныбының ашылуы – өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, мектеп оқушыларының бойына бала кезден отансүйгіштік, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіру қашанда өзектілігін жоймайтынын баса айтты. Сондай-ақ іс-шарада оқушыларға ел қауіпсіздігі жолында жанын пида еткен Халық Қаһарманының өмір жолы мен қызметі жөнінде мол мағлұмат берілді.
Мұнан соң аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Дәурен Сапиев оқушыларды «Жас сақшы» қатарына қабылдау рәсімін өткізіп, жас өрендер адал болуға, әрқашан батыл да жауапты азамат болуға ант берді. Жиын соңы оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




