Аталмыш мемлекеттік корпорациясы «бір терезе қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бірыңғай провайдер саналады. Филиал басшының сөзінше, жүйеде 1448 мемлекеттік қызмет болса, соның 1330 қызметі мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
– Өздеріңізге мәлім, өңірімізде 18 халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді. Оның ішінде бес жаңа форматтағы бөлімдер бар. Облыс орталығында қала халқы үшін төрт қызмет көрсету орталығы, екі мамандандырылған және көші-қон бөлімі қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, бірыңғай байланыс орталығы мен аудандық бөлімдер бар. Филиалда өткен жылы фронт-офистер арқылы 759428 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта 7071 қызмет ұсынылды. Осылайша электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің артуына байланысты 2024 жылмен салыстырғанда құжаттар саны 149 693-ке кеміген, – деді Батырхан Тоқтағұл.
Батырхан Тоқтағұлұлының сөзінше, өткен жылы жеке куәлік және төлқұжат беру, көлік тіркеу, ЭЦҚ алу, жүргізуші куәлігін беру секілді қызметтер тұрғындар тарапынан жиі сұраныста болған. Ал биыл жыл сайынғы әлеуметтік төлемдердің артуына байланысты филиал арқылы 472 мыңнан астам тұрғын жыл басындағы алғашқы зейнетақыларын алып үлгерген.
– 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мемлекеттік жәрдемақылар 10 пайызға арттырылды. Сонымен қатар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері 10 пайызға арттырылды. Осыған байланысты облысымыз бойынша барлығы 472 239 төлем түрі арттырылған жаңа мөлшерде, белгіленген кесте бойынша 2026 жылдың қаңтар айының бірінші жұмыс күнінен бастап төленуде, – деді Б. Тоқтағұл.
Жиын соңында журналистер мен әлеуметтік желілерден түскен сауалдарға жауап берген филиал басшысы бұл бағытта алдағы уақытта да жұмыстардың жалғасатындығын жеткізді. Айта кетейік, былтыр жергілікті атқарушы орган және инвесторлармен бірлесе отырып Тараз қаласында 15-шағынауданда NEW CON форматындағы халыққа қызмет көрсету және неке қию орталығы ашылса, 2026-2027 жылдарға мамандандырылған ХҚКБ ашу жоспарлануда.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




