«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Барыңды бағала»: жастармен ашық диалог өрбіді

«Барыңды бағала»: жастармен ашық диалог өрбіді
Автор
Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжінде облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Барыңды бағала» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуді «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мүбарак Жинақбаева ашып, жүргізіп отырды. Жиында әуелі сөз алған облыстық аналар кеңесінің төрайымы Эльмира МырзаҒали Аналар кеңесінің «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы жобаларының әлеуметтік маңызы туралы баяндаса, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тарихи‑мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мекемесінің директоры Сауран Қалиев «Өткеннен сабақ, заңнан бағдар: Жастар және тарихи мұра» тақырыбында ой тербеді.

Одан бөлек, облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Азат Пирматов «Заң мен тәртіп» жобасының қоғамдық мәні туралы айтып, арнайы дайындалған видеоматериалдарын қатысушылар назарына ұсынды.

Облыстық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, республикалық дүнген ана лар кеңесінің төрайымы Сара Даузова Абай айтқан «Бес нәрседан қашық бол» тақырыбында жастардың кеселге қарсы тұру иммунитеті – салауатты санада екені туралы кеңінен әңгіме қозғады. Сондай-ақ аталған колледж директоры Фарида Нақыш «Жастардың құқықтық сауаттылығы басты назарда» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар кездесу барысында жаст ар арасында нашақорлық, құмар ойындар, буллинг, вандализм, ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдердің алдын алу мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға тарихи және мәдени мұраларды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және зиянды әрекеттерден аулақ болу маңыздылығы жеткізілді. Іс-шара жастардың қоғамдық санаға жауапкершілікпен қарауына, патриоттық және гуманизм идеяларын насихаттауға бағытталды. Сонымен бірге жиында бірқатар белсенді жастар марапатталып, жастар еркін форматта өз ой-пікірлерін ортаға салды.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар