Жыл басынан 1414 сенім телефонына 135,5 мың өтініш келіп түскен
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2026
- 414
Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтар. Қажет болған жағдайда азаматтар мен бизнестің қоңыраулары мен хабарламалары жүйелік шешімдерді талдау және қабылдау үшін тиісті бөлімшелерге жіберіледі.
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты.

– Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде атап өткендей, біздің міндетіміз – Салық кодексінің жаңа нормаларын енгізе отырып, "фискалдық транзитті" біркелкі, әрі жанжалсыз өткізу. Халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру. Біз әділ де тиімді салық жүйесін орнатамыз, осы ретте біртіндеп салық төлеу мәдениетін қалыптастыруға бет бұрып келеміз. Салық төлеу арқылы туған өлкенің дамуына үлес қосуға болады деген саналы тәсілді ынталандыру маңызды. Президент те патриотизмнің осы түрі туралы айтып отыр. Бүгін біз бизнестің әділ Қазақстан қағидаттарына біртіндеп бейімделіп келе жатқанын көріп отырмыз. 2025 жылы бизнес субъектілері өз бетінше 750 млрд теңгеден астам салық төледі, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды
- 19 ақпан, 2026
Биыл пітір садақа 735 теңге, ол қалай есептелді?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




