Жастар арасында табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты арттыруға бағытталған жиында «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі мен бюро мүшесі Салтанат Қашағанова тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
– Жалпы, тазалық акциясы жаңа экологиялық ойлау мен азаматтарымыздың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс», деп атап өткен еді. Сол себепті болашақ ұрпақтың дені сау болуын қаласақ қазірден экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Акцияның басты мақсаты да қала аумағын тазарту, тұрмыстық қалдықтарды азайту, табиғи аймақтардың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру болып саналады. Жастардың белсенді қатысуы арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ортақ жауапкершілік күшейіп, экологиялық мәдениетті күнделікті өмір салтына енгізілу жүргізілмек, – деді Салтанат Қашағанова.
Жиын барысында «Золотой караван» туристік компаниясының мүшесі Мария Веймер еліміздегі экологиялық ахуал, табиғатқа немқұрайлы қараудың салдары, қоқысты сұрыптау, жасыл аймақтарды көбейту секілді маңызды тақырыптарға тоқталды. Сонымен қатар жиында өзен-көл маңын, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, қаламыздың көркіне үлес қосу мақсатында сенбілік жұмыстарын жүргізудің жоспары қаралды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде облыста Жастар ресурстық орталықтары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен жылы барлығы 1299 іс-шара ұйымдастырылып, акцияға 29283 адам қамтылған. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




