Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының рота командирі, полиция капитаны Абзал Құрманов, сондай-ақ Шераға орталығының қызметкерлері, ескерткіштерді қорғау дирекциясы, музей және мәдениет мекемелерінің мамандары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамда жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру, жолкөлік оқиғаларының алдын алу, заң талаптарын түсіндіру.
Кездесу барысында полиция капитаны жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамаларға тоқталып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі тең дәрежеде маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жолкөлік оқиғаларының басым бөлігі заңды білмеуден емес, ережеге немқұрайлы қараудан туындайды.
Абзал Нұрланұлы өз сөзінде: «Жол қозғалысы ережесі – тек жүргізушіге арналған талаптар жиынтығы емес. Жаяу жүргінші де – жол қозғалысының толыққанды қатысушысы. Көліктің алдын кесіп өту, белгіленбеген жерден өту, телефонға алаңдау – адамның өз өміріне төндірген қауіп. Заң бәріне ортақ, ал қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі», – деп ескертті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жол мәдениетін өнер мен руханият арқылы насихаттау, жастар арасында алдн алу жұмыстарын күшейту, мәдени форматтағы түсіндіру шараларын өткізу жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысында заң мен мәдениеттің өзара сабақтастығы қоғамдағы қауіпсіздіктің берік негізі екенін орталық директорының орынбасары Мадияр Ералыұлы атап өтіп, осындай мазмұндағы бірлескен іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін айтты. Қауіпсіз жол – тек полицияның емес, мәдениеті биік қоғамның да таңдауы. Кездесудің түйіні осы болды.
Нұрперзент ТУҒАНБАЙ
Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




