Сейсенбі күні сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті.
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оның орынбасарлары, басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері қатысты.
Сессия барысында «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ-ға Бауыржан Момышұлының есімін беру жөніндегі ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын соңында депутаттар өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




