Мәселен, бір ғана грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов, Нұрасыл Аманалы, Бақдәулет Тұрсынбек, Нұрасыл Қалмаханбет, Саят Жарылқасын, Мейрамбек Мейрамбекұлы, Нұрқанат Айтанов байрақты додаларда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Сонымен қатар, еркін күрестен Нұрқанат Айтанов, Әбдінұр Нұрланбек, Елдос Қуанышбай, Санжар Мұхтар жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Дзюдо күресінен ерлер арасында Мейірбек Байзақов пен Нұрсұлтан Ысқақов, қыздар арасында Іңкәр Құралбай, Ділназ Досберген, Аружан Данайбек, Сезім Өтеулі, Ардақ Нұрсақ ерекше көзге түскені қуантады.
Өңірде бокс спортының әрқашан бәсі жоғары. Ерлер құрамасынан Нұрислам Оңалбек, Нұрзат Оңғаров, Сұлтан Молдаш, Бексұлтан Боранбек, Асылхан Көшербай, Илья Калинин, Мұхамбетәлі Рүстембек, Бейбарыс Әшірбай түрлі деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Қыздар арасында Эльнура Қоңыраттың аяқ алысы атап өтуге тұрарлық. Орталық бапкерлері мен спортшылары алдағы уақытта да тек жеңіс жолында тер төге береді.
«Біз спортшыларға барлық мүмкіндікті жасаймыз. Білікті бапкерлер де үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнан да жоғары нәтижелерге жету үшін аянбай ізденеміз», – дейді орталық басшысы Махамбет Дүйсембаев.
Мұрат БАЙБОЛОВ
облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпида резервін даярлау орталығы» мекемесінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
«Қара кемпірдің» музейі ашылмақ
- Бүгін, 18:04
Майтөбедегі бекеттің міндеті – тек өрт сөндіру емес
- Бүгін, 17:55
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




