Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Бірақ қанша мәрте жұмыс сапарымен келдім, өкінішке қарай бірде-бір рет аудан әкімін көрген емеспін. Менің жеке басымның ол шендіге мұқтаждығы жоқ, менімен кездесуге міндетті деп айтудан аулақпын. Бірақ аудандағы мәселе, ауылдардағы жағдайға жауапты тұлға тұрғындардың талабы мен тілегі айтылатын жерде төбе көрсетуі тиіс қой.
Президент тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан жобалар жайы қалай болып жатыр, мүмкін мәселелерге қатысты ұтымды ұсынысы, толықтыратын тұсы бар шығар. Жоқ, айтатын аудан әкімін көрмедім. Өзге ауданның әкімдері өзекті мәселелерді айтып, жобасын таныстырып, жоспарын айтып, елмен бірге ұсынысын да жеткізіп жатады.
ОБЛЫСТАН ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕЙ ОРТАЛЫҚ СТАДИОН САЛЫНУЫ ЕКІТАЛАЙ
Қордай ауданындағы келесі нысан – аудандық орталық стадион. Бұрынғысы шағын болса, енді атшаптырым алаң салынып жатыр. Дұрысы – күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Енді Қордай ауылындағы стадионда футбол ғана емес, волейбол, баскетбол және үлкен теннис ойнауға мүмкіндік болады. Бүгінде аудандық бюджеттен аударылған 50 миллион теңге толық игеріліп, жалпы жұмыстың әзірге 65 пайызы аяқталған. Енді облыстан қаржы бөлінуі керек. Өкінішке қарай, қаражат әлі берілмей отыр.
Жергілікті шенділер қаражат мәселесі күрделі болып тұрғанын айтты. Футбол жайлы айтсақ, бұл спорт әлемге әйдік, қазақ балалары да қатты қызығатын танымал ойын түрі. Дүние жүзіндегі дүбірлі доп додалары, тартысты турнирлер үнемі ел назарында.
Бұл ретте қордайлықтар да №1 спорт саналатын футболдан кенде емес. Жасыл алаңда жүрген жастары жетіп артылады. Қариялары да қалыс қалмайды. Тіпті 4 командасы бар ардагерлердің. Ауылда 11 шағын футбол алаңы бар. Футболшылар аудандық, облыстық турнирлерден бөлек, шекаралас Қырғызстанға да жарысқа барып жүр. Сондықтан стадионның сапалы салынуы, заманауи құрылыс жүруі аудан үшін, ауыл үшін өте маңызды.
ЕНДІГІ КЕРЕК НЫСАН – ИППОДРОМ
Өйткені ауданда ат баптап, арғымақ мінген азаматтар көп. Жылқының жалына жармасып өскен жігіттер үшін ипподром салу игі іс болар еді. Қордай ауданынан елге белгілі екі спорт шебері шыққан. Ал көкпаршылары арнайы алаңға зәру.
Ұлттық ойын арқылы танымал болған Талисман, Самал деген тұлпарлар осы Қордайдың азаматтары баптаған аттар. Ал жаңа ипподромның құжаттары дайын. Құрылыс құны – 1 миллиард теңге. Жоба бойынша нысанда 40 жылқы баптауға да болады. Тағы басқа мүмкіндіктер қарастырылған.
АУДАНҒА ЖАҢА АУРУХАНА ҚАЖЕТ
Қордайлықтар үшін аудандық орталық аурухана қажет. Мәселе қаншама рет қозғалды, ауданға келген сайын айтылады. Өте өзекті тақырып. Сондықтан мен медициналық нысанның тұрғызылуына қатысты тығыз жұмыс жүргізіп жатырмын. Былтыр да биыл да қаражат бөлінуі үшін қажетті құжаттар толық болуы керек.
ЖСҚ-дан бастап, сараптама қорытындысына дейін. Өтінім РБК-дан өтуі керек. Бірақ әлі күнге облыстан министрлікке өтінім берілмеген. Қаржы министрлігіне, РБК-ға да. Өйткені әлі сараптама дайын емес. Аурухана салуға қатысты құжаттар тізбесі сонау 2010 жылдан басталды. Қаншама құжат әзірленіп, соңында мерзімдері өтіп, жарамай қалды. Қазір құжаттарды қайта жинау жүріп жатқанын айтты.
Енді Мәжілісте республикалық бюджет қаржысын қараған кезде мен қайтадан осы мәселені көтеретін боламын.
БАЛАЛАРДЫҢ «БАЛАУСАСЫНА» ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛМЕЙ ОТЫР
Ауданда 300 балаға арналған «Балауса» мемлекеттік лагері бар. Мұнда жаздың күні аймақ аудандарынан, тіпті өзге өңірлерден келіп балалар демалады. Жақсы жерде орналасқан. Бірақ күрделі жөндеуді қажет етеді. Әрине, СЭС-тің талаптары өте жоғары.
Былтыр аудан бюджетінен асханаға жөндеу жүргізілген. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жатын орындардың жағдайы мәз емес. Заманауи қалыпқа келтіру керек. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінбей мәселе шешілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Қар көшкіні кезіндегі сақтық шаралары
- 13 қаңтар, 2026
Жасанды интеллект жылы: меже мен міндет
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




