Алақандай ауыл еліміздің демографиясының дамуына үлкен үлес қосып отыр. Туу көрсеткіші жақсы, жылына 50-60 бала дүние есігін ашады. Елді мекеннің дамуы да тұрақты. Автодәліз бойында орналасқандықтан алысберіс, барыс-келіске ыңғайлы.
СПОРТТЫҚ КЕШЕН САЛУДЫ СҰРАЙДЫ
Ал күре жолдың бойына жақын жайғасқан тағы бір ауыл – Биназарға спорттық сауықтыру кешені керек. Ауылда спортты жанына серік еткен жастар қарасы қалың. Олардың спортпен айналысуға деген көңілі ерек, әлеуеті жоғары.
Бұған дейін де Биназардан спорт шеберлері мен чемпиондар шыққан екен. Сондықтан спорттық кешен салуға сұранып тұр. Қазір жеткіншектер мектептегі спорт залға барып шынығып жүр. Онда жеткілікті жағдай жасалмағаны түсінікті. Балалар бокс, күрес, футболға қатысуға құштар.
ГАЗЫ ЖОҚТЫҢ – НАЗЫ КӨП
Аудандағы ауылдарға әлі күнге көгілдір отын кірмеді. Ақша бөлініп, былтырдан бері жұмыс жүріп жатыр. Бұл мәселе өз бақылауымда болады.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ЖАЙЫ ҚОЗҒАЛДЫ
Иә, бұқара қоғамдық жұмыс туралы қозғады. Былтыр Айдарлы ауылында қоғамдық жұмысқа 42 адам тартылса, биыл бар-жоғы 5 адам. Ал айнала кең, аралары алыс, қашықтық ұзақ. Адам аз. Тұрғындардың тілегі тым болмағанда 15 адамға дейін жұмыс күшін өсірсе дейді.
Жалпы, Мойынқұм ауданы аймақтағы ең алып аудан ғой. Бір басынан екінші жағына жету оңай емес. Шалғай ауылдарды жұмыссыздық жайлаған уақытта қоғамдық жұмысшылар санын қысқартуға болмайды деп санаймын.
КАНАЛДА ТАМШЫ СУ ЖОҚ
Қос ауданды жалғап жатқан су арнасы бар. Биназар каналының басы Шудан басталып, Мойынқұмға жалғасады. 2007-ші жылы легализация кезінде жеке меншікке өтіп кеткен. Бірақ бүгінде каналдың іші тұрмыстық қалдықтарға толы, тазаланбайды. Жұмыс жүрмейтіндігіне ауыл азаматтары мен диқандар наразы.
Айта кету керек, Мойынқұм ауданындағы каналдың бөлігі сот арқылы мемлекет теңгеріміне өткен. Ал Шу ауданындағы арна әлі күнге жекенің қолында. Бүгінде Шу ауданы әкімдігі сот арқылы қайтарып алу үшін жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.
Ал Тоқсейіт каналында бірнеше жылдан бері су жоқ. 1 мың гектар алқапқа су жеткізетін нысан құрғап қалған. Егін егетін ағайын ерте көктемде тағы да су болмайтын болды деп алаңдайды.
МЕДИЦИНАҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ
Ел ішінен медицина саласына қатысты екі өтініш түсті. Инсулин алатын қант диабетімен ауыратындарға және онкологиямен ауыратын адамдарға былтыр 98 мың теңге көмек берілген. Биыл да бұл көмек жалғасса деп сұрайды. Мүгедектігі бар азаматтар шипажайға демалуға қатысты ұсыныс айтты.
Бүгінгі талап бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар тек тендерді жеңіп алған компаниялардың шипажайларына барып демала алады. Ал ондай сауықтыру орындары республиканың түкпір-түкпірінде орналасқан. Өзге өңірге барып демалуға денсаулығы да, жағдайы да жетпейтіндер бар.
Заңда азамат демалатын нысанға барып, кейін түбіртегін жіберсе Үкімет төлеп беретін тұсы жазылған. Сондықтан өтініш иелері «тендерді ұтқандар демалысқа жұмсалуы тиіс қаржыны жеке есепшотқа салса» дейді. Барлық мәселені ой елегінен өткізіп, Мәжіліс қабырғасында көтеретін боламын.
Гүлдара НҰРЫМОВА
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




