Атап айтқанда, Қызылорда қаласында өткен «Көктем нұры», Алматы облысында ұйымдастырылған «Жыр алыбы – Жамбылым!», Бурабайдағы «Ақберен» байқауында «Айтыс» аталымы бойынша бас жүлдені олжалап, Астана қаласында өткен «Қола домбыра» айтысының жеңімпазы атандым. Осы жеңістерім үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, сыйлықтар беріп, алғысын айтты. Мектеп оқушысы үшін бұл жетістіктер аса жоғары нәтиже деп ойлаймын. Әрине, бұл жеңісте елдің, халықтың тілеуі жатыр. Мені қолдаған барлық жерлестеріме, ата-анама рақмет. Әр жеңіс көп ізденісті қажет етеді. Жетістік маңдай термен келеді.
Бұйырса, 2026 жылы да көптеген жоспарларым бар. Тараз қаласында өтетін республикалық «Жыр алыбы – Жамбылым!» айтысына, Шымкент қаласында өтетін республикалық «Күміс домбыра» айтысына қатысуым мүмкін. Осы айтыстарда жақсы нәтиже көрсеткім келеді. Мектепті бітіретіндіктен, ҰБТ-да жоғары балл алып, жоғары оқу орнының грантын иеленсем деп те мақсат қойып отырмын. Осы мақсаттар жолында тер төгемін. 2026 жылв әр шаңыраққа шексіз мол қуаныш, шаттық тілеймін!
Інжу ЖАҢАБАЙ,
2025 жылғы республикалық «Қола домбыра» айтысының жеңімпазы
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




