Соның нәтижесінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 7,9 пайызға өсіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 150,4 миллиард теңгені құрады. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8 пайыз деңгейінде қалыптасып, өңір экономикасының орнықты дамып келе жатқанын көрсетті. Жыл басынан бері облыста шамамен 1 100 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, саладағы өсім 17 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 63 пайызы өңдеу секторына тиесілі болып отыр. Облысымыз республика бойынша натрий триполифосфаты, аммофос, натрий цианиді, сары фосфор және қант өнімдерінің елеулі бөлігін өндіретін жетекші өңірлердің қатарында. Өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы өңір экономикасының шикізаттық бағыттан арылып, қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға бет алғанын айқын көрсетеді.
Инвестиция тарту мәселесінде де оң динамика қалыптасты. Қаңтар айынан бастап жыл соңына дейін облыс экономикасына 553,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 82 пайызы жекеменшік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш облысты жеке инвестициялар үлесі бойынша республикадағы алдыңғы қатарлы өңірлердің қатарына шығарды. 2029 жылға дейін іске асырылуы жоспарланған жалпы құны 4 100 миллиард теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба өңірдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.
Биылдың өзінде 161 миллиард теңгеге 26 жоба іске асырылып, 1 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Шағын және орта кәсіпкерлік өңір экономикасының тұрақты тірегіне айналып отыр. Облыстағы қаржы институттары арқылы 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 миллиард теңге несие берілді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 52,1 миллиард теңгеге 1 218 жоба іске асырылып, шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 765,5 миллиард теңгеге жетті. Қазіргі таңда облыста 109,1 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп, 165,4 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл сектордың жалпы қосылған құны 348,2 миллиард теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 22,5 пайызға жетті.
Ауыл шаруашылығы саласында да оң нәтижелер сақталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 миллиард теңгені құрап, өсім 3,1 пайыз болды. Биыл егіс алқабы 640 мың гектарға жетіп, 3,3 миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды. Қант қызылшасын қолдауға 6,9 миллиард теңге бөлініп, салаға мемлекеттік қолдау күшейтілді. Сонымен қатар облыс пияз экспорты бойынша республикада көш бастап, өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып отыр. Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында 66,5 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, су инфрақұрылымын жаңғыртуға 37,2 миллиард теңге бағытталды.
Өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтар, көпбалалы отбасылар мен жастар үшін тұрғын үй сатып алуға 21,5 миллиард теңге қарастырылды. Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп, жол жөндеу, ауыз сумен қамту, газдандыру және жылу желілерін жаңғырту жұмыстары кезеңкезеңімен жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 99,5 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілді. Әлеуметтік саланы дамыту өңір саясатының басты басымдығы болып қала беруде.
Биыл бұл салаға 46,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл басынан бері 57,3 мың жұмыс орны құрылып, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 308,1 мың теңгеге жетіп, халық табысының өсуі қамтамасыз етілді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында жаңа нысандар пайдалануға беріліп, қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды. Қорытындылай келе, 2025 жылдың басынан бері облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты бағытын қалыптастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізді. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар өңірдің болашағына сенімді негіз қалап отыр.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Өткен жылға алғыс, келер жылға сенім
- Бүгін, 03:06
Қазақстандық жас ғалым цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеді
- 29 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




